Шымкентте су жүретін тоғанның бірінен полицейлер ер адамның мәйітін тапты.
6-наурызда қайғылы оқиғаны қаладағы ықшам аудандардың бірінің тұрғындары полицияға хабарлаған. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлайды.
Куәгерлер қала ішіндегі су жүретін каналдан мәйітті көргенін айтқан. ҚР Ішкі істер министрлігі мектебінен алыс емес жерде орналасқан 55 және 59 үйлердің арасынан өтетін каналдан ер адамның денесі ағып бара жатқан. Оқиға орнына жеткен полицейлер қайтыс болған адамды көрген. Ер адамның жас шамасы – 30-35-те. Ол жақсы киінген, оның қалтасында әмияны болған, ішінде жеке куәлігі мен банк картасы да бар. Сол жерге келген медициналық қызметкерлер ер адамның қайтыс болғанына куәлік берген.