Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді

“Біз бақытты отбасымыз деп айта аламыз. Өйткені 40 немере, 16 шөбереміз бар, тағы екі шөбереміз жылдың аяғында өмірге келеді. Төрт баламызды оқыттық, барлығы жақсы жұмыста істейді. Екеуміздің сыйластығымызға ел қызығады”, – деді Нәбиевтер.

Ширек ғасыр отауласып, тағы бір неке куәліктерін қолдарына алған күміс той иелері – Ғабит Ташенов пен Гүлжан Малдыбекова. Үлгілі әке, өнегелі ана атанып отырған той иелері өмір бақи бақытты, ең бастысы, бірге ғұмыр кешудің құпиясын жақсы біледі.

“25 жыл бұрын ғана осындай күйде болған едік, керемет әсерде тұрмыз. Көзді ашып жұмғанша ширек ғасыр өтіпті. Бақытты ғұмыр кешу үшін, әйелдер, яғни, қыз-келіншектерге сабырлы болу керек. Екінші жартысының көңіл-күйі, үй жұмыстарының басым бөлігі соларға жүктеледі”, – деді олар.

Неке қию кезегі жас отау иелеріне келді. Жас жұбайларға аға буын өкілдері “біздің жолымызды берсін”, деп ақ батасын берді.

“Жаңа өмірге қадам бастық. Бір-бірімізді сүйіп қосылдық. Әрине, дәл бүгінгідей аға буын өкілдерінен бата алып жолымыз болды. Осы кісілердің жолын бере берсін”, – деді Қуандық Зеноллаев пен Жәмиля Ілияс.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жыл басынан бері 2420 неке қию тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз