Биыл бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеген, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі altaynews.kz сайтына сілтеме жасап.
Мұндай қорытындыны ШҚО статистика департаменті жасап отыр.
2017 және 2018 жылғы мәліметтерді салыстырып қарағанда, биылғы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында бір жасқа дейінгі 105 нәресте шетінеп кеткен. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22,1 пайызға жоғары.
Дегенмен, жақсы жаңалықтар да бар. Шығыс Қазақстанда жарты жыл ішінде 10 912 бала дүниеге келген.