Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Шығыста полиция бастығының адам қағып өлтірген әйеліне рақымшылық жасалатын болды

Ол көлігімен офицерді қағып өлтіріп алған болатын, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Арнайы жоба барысында біз соңғы кездердегі атышулы істердің басты фигуранты болғандардың рақымшылық заңына сәйкес кімдердің шығатын жариялауды жөн көрдік.

Шығыс Қазақстанда әкімшілік полицияның басшысы Жанболат Бақытжановтың әйелі Ботагөз Бақытжанова жол-көлік оқиғасына ұшыраған болатын. Ол мас күйінде көлікті жүргізіп, полицейді қағып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Ал ШҚО ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Батырбек Аяғановтың ағасы Дидарбек Аяғанов мас күйінде көлік жүргізіп, автокөлікпен бетпе-бет соғысқан, оқиғаның салдарынан бір отбасы түгелдей қайтыс болған. Қазіргі уақытта Бақытжанова мен Аяғанов жазаларын қоныс колониясында өтеп жатыр.

“Шынында да осы рақымшылық заңы Бақытжанованы жазадан босатады. Ол қоныс колониясының әкімшілігі барлық керекті құжаттарды тапсырғаннан кейін босатылады. Рақымшылық жасауға жарты жыл уақыт беріледі, алайда заң өз күшіне енгеннен кейін тәжірибиеде 2-3 айдың ішінде босатылады. Айта кетейік, қайтыс болған жақтың ой-пікірі еленбейді, жазасын өтеуші қандай жағдайда да бостандыққа шығады. Ал, Дидарбек Аяғановқа қатысты рақымшылық заңы жүрмейді, ол жазасын ары қарай өтейтін болады”, – деді прокуратурадағылар.

Еске салайық, кеше Елбасы “Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы” заңға жария түрде қол қойған болатын.

15 сәуірде №2 Өскемен соты Ботагөз Бақытжанованы қоныстану колониясына екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті және зардап шегуші тараптың моральдық шығын ретінде 3 миллион теңге өндіріп алу туралы азаматтық талабын қанағаттандырды. Қаза тапқан полицейдің туыстары шығарылған шешіммен келіспей, облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Жарты жыл өтпей жатып, 23 қыркүйек күні Бақытжанова қоныстану колониясында өтеп жатқан мерзімін жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтінім жазды. Сотталушының жағымды мінездемесін негізге ала отырып, сот ол жазаны толық көлемде өтеуді қажет етпейді деген ұйғарым шығарды.

“Сотталушының өтінішхаты қанағаттандырылсын, жазаның өтелмеген бөлігі 271 488 теңге көлеміндегі айыппұлға (Өтелмеген жазаның әр 4 күніне 1 АЕК – ред.) ауыстырылсын”, – деген шешім шығарды.

ШҚО ІІД-нің басшысының орынбасары Батырбек Аяғановтың ағасы Дидарбек Аяғанов жыл басында жеті жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Ол көлікті мас күйінде жүргізіп, 4 адамның қайтыс болуына себепкер болған. Жол апаты болған уақытта оның мас күйінде болғаны дәлелденген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз