Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Швециядан келген азаматтың денесі Шымкент маңынан дәретхана шұңқырынан табылды

Марқұмның Шымкент қаласының 1972 жылғы тұрғыны екені анықталды.

Фармацевт Ольганың айтуынша, ол дәретханаға бара жатқанда, шұңқырдан шығып тұрған адамның қолын көрген.

Телеарна тілшілері анықтағандай, Михаил бірнеше жыл бойы Швецияда жұмыс істеп, жақында Шымкентке қайтып келген. Ал Тоғыс ауылына ол 2-қаңтарда досына қонаққа келген екен.

“Ол үйден 2-нен 3-не қараған күні кешкі уақытта кетті. Есіктер ашық тұрды, ол өзі ғана кеткен. Мен үйіне кеткен шығар деп ойладым. Содан таңертең ұлымнан сұрасам, ол мүмкін анасына кеткен шығар деді. Алайда сол сәтте оның анасы хабарласып, оның өлтірілгенін хабарлады”, – деді оның досы.

Қазіргі уақытта осы іске қатысы бар адамдардың барлығы қамауға алынды. Ресми емес мәліметтерге сүйенсек, бірнеше жыл бұрын Михаил көлікпен абайсызда біреуді қағып, өлтіріп алған. Сондықтан шетелге қашуға мәжбүр болған. Алайда бұл ақпарат рас па, өтірік па – әлі белгісіз.

Телеарна дереккөзінің мәліметінше, қылмыс жасалды делінген ер адамның аты-жөні анықталды. Ол – Оңтүстік Қазақстан облысы, Қайнарбұлақ ауылының 1969 жылғы тұрғыны, осыған дейін сотты болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз