Халықаралық құқық қорғау “Хюман Райтс Уотч” (HRW) ұйымы Түркіменстанда өтетін президент сайлауы қарсаңында мәлімдеме жасап, еркін және таза сайлау өтетініне күмән келтірген.
Ұйым таратқан мәлімдемеде сөз бостандығы және ақпаратқа қол жетімділік жоқ елде, азаматтардың сайлауда еркін таңдау жасауына мүмкіндік берілмейтіндігі айтылған.
Уиллямсон Түркіменстан билігі халықаралық үкіметтік емес ұйымдарды, солардың ішінде “Хюман Райтс Уотчты” еліне жібермейтінін айтады.
“Түркіменстанның халықаралық әріптестері үкіметке адам құқықтарының қорғалуы үшін, реформа жасалу үшін қысым жасау керек”, – деп атап өтеді Хью Уиллямсон.
Түркіменстанның қазіргі президенті 59 жастағы Гурбангулы Бердымухамедов елін 2007 жылдан бері басқарып келеді. Ол президент сайлауына үшінші жыл қатарынан түсіп отыр. 2016 жылдың қыркүйегінде Түркіменстан жаңа Конституция қабылдады. Оған сәйкес, президент жеті жылға сайланады.