Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Сенің Айғанымың деді…”. Автобус қаққан қыздың ғашығы қоштасу сөзін жариялады (фото)

410

 

 

«Біз 2017 жылдың күзінде танысқанбыз. Содан бері оған шын ғашық болдым. Өте қарапайым, тәрбиелі қыз болатын. Менің өзіне қатты ғашық екенімді білетін. Бірақ біз қыз-жігіт болып кездеспедік», – дейді ол.

Есімін құпия қалдыруда жөн санаған жігіт Айғанымның қазасын естігенде есеңгіреп қалдым дейді.

 

 

“24 жастағы қызды қоғамдық көлік қағып кетті деген жаңалықты оқығаныммен, оған мән бермеген едім. Досым полиция қызметінде жұмыс істейді. Сол қайтыс болған қыздың Айғаным екенін айтқанда есімнен тана жаздадым”, – деп ақтарылды.

Ғашық серінің сөзіне сүйенсек, ол Айғаныммен осыдан екі апта бұрын,қаладағы сауда орталығында кездескен екен.

 

 

“Сол уақытта оны соңғы рет көріп тұрғанымды білсем, ешқайда жібермес едім. Ол менің ең алғашқы, шынайы махаббатым болып қала береді. Айғанымның есімін жүрегімде мәңгі сақтаймын”, – деп сөзін қорытындылады азамат.

https://kaz.365info.kz/almatyda-avtobustyn-khyzdy-khakhkhan-videosy-pajda-boldy-18-311679

Еске салсақ, 18 сәуір күні Алматыда жолаушылар жолағынан өтіп бара жатқан 24 жастағы бойжеткенді қоғамдық көлік қағып кеткен болатын.

Ауыр соққыдан бойжеткен көз жұмып, жүргізуші қамауға алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз