Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Семейде мұздан 25 мүсін тұрғызылды

357

Қыс мезгілін ерекше жақсы көретін қиялы жүйрік балақайлар жылдағы дәстүр бойынша ертегі кейіпкерлері мен сырғанақ, мұз айдынын жасады. «Мұндай шара оқушыларды зерделі де зейінді болуға, ізденімпаздыққа тәрбиелейді», – дейді ұстаздар. Тіпті балалар бұл шараға алдын ала әртүрлі кітаптар оқып, тыңғылықты дайындалады екен. Таза ауадағы шығармашылық жұмыстарының денсаулыққа да пайдасы зор. Бұл туынды облыстық «Ең үздік қар қалашығы» байқауына қатысуға да бел байлап отыр.

Мұрат Шақабаев, мектеп-интернат директоры:

– Қыстың заманында балалар тұрмақ үлкендердің де далаға көп шыққысы келмейді. Салқын, суық жел. Ал енді мынадай алаңды қараңызшы! Бұған қараған баланың өзі де сүйсіне-сүйсіне далаға шығып, ойнап-күліп, алысып, коньки теуіп, шана теуіп, асыр салып ойнайды.

Никита Кондырев, интернат тәрбиеленушісі:

– Мектеп ауласы әдемі ертегі әлеміне айналды. Мұз айдынында коньки теуіп, хоккейден жарысамыз. Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз!

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз