Танымал сазгер “Хабар” телеарнасынан беріліп жатқан “Топжарған” бағдарламасына Роза Рымбаеваның қазылық етуіне байланысты пікір білдірді.
„Бұл арада ол кісінің түк кінәсі жоқ, керісінше, сол араға Халық әртісін төмендетіп апарып қойған телеарна басшылығында ұят жоқ„ – деді kaz.365info.kz сайтының „Неге солай„ бағдарламасындағы сұқбатында Ербол Спанәлиев .
Санын әбден жалаңаштап, боқауыз сөз қосып, ұлттық фольклордағы 16 қыздан бастап Балқадишадағы 80 қызға дейінгі қазақтың қыздарын түгендеген түнгі көбелек образындағы ару халықтың төбе шашын тік тұрғызған.
Желідегі қауым “Роза Рымбаева мынаған неге “Доғар” демейді” деп те ашуланды. Бұл кісіге де жаһанданудың желігі тиейін деді ме деп, қауіптенгендер де болды.
– Бәрін бүлдіріп жатқан телеарналардың өзі. Әйтпесе, айтылмай жатқан жоқ емес, айтып жатыр. Фб-дағы қарапайым жұрттан бастап саясаткерлерге дейін, ана “Қалаулым” деген бағдарламаны “Жапшы” деп зарлады. Жаппай қойды ғой. Көптің сөзін құлақтарына да қыстырған жоқ. Соған қарағанда, телеарналардың артында ұлттық болмысты жоюға мүдделі астыртын бір күштер бар секілді. Басқалай мұны енді қалай түсіндіруге болады?..
«Ыңқылдайды…». Сексен қызды айтқан «секси қыз» Хабардан бір-ақ шықты (видео)
Мысалы, қобыз, домбырада мықты ойнап, бүкіл әлемді дүр сілкіндіре алатын өнерпаздар көп бізде. Жарнамаласа, насихатын асырса, бәрінің аузынан суы құрып көреді оны. Бірақ оларды жарнамаламайды ғой біздің телеарналар.
Оның орнына, сырттан келген бөтен мәдениеттің жарнамасын асыруға шебер. Неге? Оны мен түсіне алмай қойдым. Бір нәрсе анық, ол ұлттың болмысына балта шабатын нәрселер.
Мысалы, қазіргі әншілер сол Q-pop-ты орындағысы кеп, орындап жүр деп ойламаймын.
Мұны шығаратын телерадиолар. Форматқа келмейді дейді, болды. Ең мықты әніңіз өтпей қалады ол арадан. Q-pop, жын-жыбыр болса, әке-әкел дейді. Содан жас өнерпаздар соған қарай бейімделеді, қайтеді?.. Олар да тез танылып, ақша тапқысы келеді.
Қазір “Қалаулымға” өз-өзін жарнамалағысы келетін ұл-қыздар түсіп жатыр. Ана тележоба авторы не айтады, соны істейді. Қалаулым да мені талай рет шақырған. Жұрт бірақ оны қалап жатқан жоқ қой. Ұлт санасын, жастарды бұзып жатыр ол. Көріп отырмыз бәріміз. Наразымыз. Бірақ қауқар жоқ, оны жауып тастауға.
«Мақтап-мақтап…». Танымал сазгерді «көлік мінгіземін» деп алдап кеткен қай әнші? (видео)
Әрине, телерадиолардың саясатын өзгерту керек. Ақша табу керек деп, ұсақ-түйекпен елдің санасын былғамасын. Роза Рымбаева, мысалы теңдесіз әнші. Ол кісіге ұсыныс тастады. Басқа-басқа емес, “Хабар” телеарнасы. Солардың таңдауына, солардың талғамына сеніп барып тұр ғой ол араға Роза апайымыз.
Бұрынғының адамдары сөзге берік. Басында келіскен соң, отыр енді қазылар алқасында.
Бірақ сол арада өнер көрсетіп жатқандар Роза апайдың көңілінен шығып жатыр дегенге сенбеймін. Өйткені ол кісінің талғамы өте жоғары.
Бұл арада Роза Қуанышқызының кінәсі жоқ. Сондай беделімен, сондай деңгейімен ол кісіні ана кәкір-шүкірдің ішіне кіргізіп қойған телеарнада ұят жоқ, негізі, – дейді сазгер.
Сондай-ақ Ербол Спанәлиев нағыз таланттардың жолын жабатын тағы екі жаман құбылыстың атын атады.
– Қазір мынандай тенденция жиілеп кетті. Бір адамдар басқа салада жүреді де бір күні әнші болғысы кеп қалады. Ақшасы бар олар өнерге қызықпайды. Өнер деп ауырмайды. Қызықса, басында әнші болар еді ғой.
Олар күнделікті тойдан табатын әншілердің табысын, нәрақасын көреді. Бір қараса, анау 2000 доллар әкетіп бара жатады, МузАрт келіп тойдан 10 мың доллар алып кетеді.
Соны көріп, әнді немесе әншіні көріп емес, солардың тапқан ақшасын көріп ауырып қалады ғой олар.
Ар жағында түк жоқ.
«Кешірім сұраймын!..». Телеарна басшылығын масқаралаған Қуат Хамитке Ерлан Қарин жауап берді
Негізі, өнермен ауыратындар еден жуушы болса да театрдың, телевиденинің маңынан шықпайды. Ал таза өнер адамы еместер шыдамайды ондайға. Сондықтан мықты әнші деп жүргеніміз – мыңның ішінен суырылып шыққандар. Осыны есте ұстау керек. Баяғыдан келе жатқан нәрсе ғой. Бір-бірінің артын шұқу деген. Әрине, елдің аузына қақпай болмайсың. Бірақ осыны білсе деймін де әншіні сынап жатқан кезде.
Сондықтан жастарға айтатыным өнермен ауру керек. Өйте алмаса, тегі жақындап керегі жоқ шоу-бизнеске.
«Көрсеткіші күшті…». Ерлан Қарин «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» фильмін сынағандарға жауап қатты
Одан соң, хайп дегенді өз басым ұнатпаймын. Бірақ бұл – заманның талабы. Қазір өнерге қарағанда, сол нәрсе алға шығып кетті. Мысалы, бір топтар шығып жатыр. Дауыстары керемет деп айта алмайсың. Әнінің де түк мағынасы жоқ. Бірақ жастар солар десе өліп қала жаздайды. Түрімен, жастығымен, жылтыраған сыртымен алады. Осыны біліп алған шоу-бизнестегілер ақшаны соған салады. Дауысы бар әншіге, немесе әні мықты әншіге емес. Түрі күшті, арсыз қылық жасауға әзір дегендей.
Міне, ең өкініштісі, осының бәрі қазақтың санасын улап жатыр.
Оған тосқауыл қоймаса болмайды. Қазақ екенімізді бір күні ұмытып қаламыз бұл түрімізбен кете берсек.
«Шымкентке тимеймін…». Бір бойжеткен Найманның қыздары қандай болатынын айтып салды