Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Мақтап-мақтап…”. Танымал сазгерді “көлік мінгіземін” деп алдап кеткен қай әнші? (видео)

1070

– Көп машина мінгенмін, негізі мен. Санап отырсам 20 шақты боп қалады-ау деймін.

Атап-атап бергенмен, бірақ ешқайсысы әкеп берген емес ол көліктерді (күледі). Сөз жүзінде алған машиналарым көп енді.

Мүмкін айтқандары есіне түсіп, ойланатындары болатын шығар ішінде. Қалжың ғой бәрі, әрине.

Сыйлық болып жатады. Онсыз қалай енді? Машина болмаса да ат мінгізіп, шапан жауып жатады. Шүкір дейміз соған да„ – деп жауап қатты бұл сауалға Ербол Спанәлиев.

Айта кетелік, Ербол Спанәлиев көптеген әншіге ән жазып беріп жүрген сұраныстағы сазгер. Атап айтқанда, Мейрамбек Беспаев орындайтын „Құс қанат ғұмыр„, Сәкен Майғазиев – Қайран жастық, Лашын Мұратқызы – Мен сені құлай сүйгенмін, Саят Медеуов – Қара күз, Досымжан Таңатаров – Біз екеуміз, Жігіттер квартеті – Құстармен сырласу, Ернар Айдар – Ұқсамайсың сен басқаға, Рамазан Стамғазиев – Қоңыр əуен, Сағыныш көктем, Зивара – Асыл жарым. Ақбота – Кім едің?, Жазира Байырбекова – Сирен гүлдер. Жазира мен Жанболаттың шырқайтын „Əке мен ана„ әндерінің авторы.

Бұдан бөлек Сержанәлі Әлібек осы сазгердің оншақты әнін орындайды, сол секілді Ербол Спанәлиевтің әнін орындап жүргендердің арасында Еркін Нұржанов, Мәди Дәуренұлы, Тоқтар Серіков, Мақпал Жүнісова, Алтынай Жорабаева, Абай Бегей де бар.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз