Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Шымкентке тимеймін…”. Бір бойжеткен Найманның қыздары қандай болатынын айтып салды

4868

Орамал тақпайды басына, сәлем салуды білмейді, жөн-жосықты ұстанбайды, бірдеме-шірдеме, осы секілді ұсақ-түйек, күңкіл әңгіме. Күйеуі де аттандап:„Қатын деген үйде отыруы керек„ деп зәкүн соғып жатады. Оған әйелі шыж-быж: „Ойбай-ау, жарытып табатын жұмысың жоқ, мынша адамды қалай бағамыз„ – дейді.

Бір күні ыза боп кеттім:

„Кетіп қалыңыз, қадіріңізді сонда біледі бұлар„ дедім.

«Санын шапақтап…». Бір қызды секіртіп жүрген Төреғалидың әкесінің видеосы желіні шулатты (видео)

Жалпы, әйел аларда осы мәселенің басын ашып алмай ма адамдар деймін де. Мысалы, Найманның қыздарын үйде отырғыза алмайсыз. Ал Шымкентте әйел адам үйде отыруы керек. Осыдан келіп қарама-қайшылық туады. Ал Найманның қыздары неге үйде отырмайды дейсіздер ме? Оның бірнеше себебі бар.

Біріншіден,

Найман қыздарын жат жұрттықсың деп өсірмейді. Сәйкесінше, жылдар бойы жүк жинап, оны ұзатам деп дайындалмайды.

„Күйеуге ти„ деп кішкене кезі түгілі, есейгенде де айтпайды. Ал айтып жатқандарды естіп қалса: „Анасы несі, қызынан құтыла алмай отырғандай„ деп бетін шымшиды.

Жалпы, қызды күйеуге ти деп үгіттеу баланың психологиясына кері әсер етеді деп есептейді. Бала мені жақсы көрмейді екен деп ойлап қалады деп топшылайды.

«Күйеуге тигелі…». Мәдина Сәдуақасова қатты қиналып жүргенін айтты

Екіншіден,

шымкенттіктер қыздарына жат жұрттықсың деп кішкене кезінен соны миына құйып, өсірсе, Наймандар „Оқы, оқы және оқы„ деп басын тоқпақтайды. Сабақты дұрыс оқымаса, таяқ жейді міндетті түрде. Осы жағынан, қадағалау өте жоғары.

Сондықтан Найманның қыздарында бірнеше диплом қатар болады. Бір диплом олар үшін көпе-көрнеу нәрсе ғана.

Үшіншіден,

бойжеткен қызына Наймандар „Шымкенттікке тұрмысқа шықпа„ деп міндетті түрде айтып отырады. Неге деген сауалына:  „Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа„ деген қызым деп, ол жаққа сіңу қиын екенін алдын ала ескертеді. Алда-жалда сол жаққа тұрмысқа шыға қалып,  ыдыс-аяқ сылдырлағанда, қызына ата-ана өздерінен кінә жоғын, ескерту жасағанын айтады.

Төртіншіден,

үйде отырған адам қарайып қалады, қатарынан қалып қояды деп санайды Наймандар.

Сондықтан әйел адамның үйде отырғанын құптамайды шығыста, егер баламен ғана болмаса. Оның үстіне, бір адамның табысымен үй құру көп уақытты алатынын да біледі. Сондықтан отбасындағы екі адам да жұмыс істеуі тиіс деп шешілген.

Байым мені «тексіз қатынсың» деп тепкілейді…

Бесіншіден,

ақша жағын Найманда әйелдер басқарады. Ер адам тек ақша тауып әкелуші. Ал оны бәріне жеткізуге әйел адам басын қатырады.

Алтыншыдан,

Найманда қызға қалыңмал ашық сұралмайды.

Бұл қызын сатып берді дегенге келеді деп өте ұят саналады. Сондықтан құда түскендер: „Қанша қалыңмал әкелейін„ дегенде, „Өз жағдайларыңызға қарайсыздар ғой„ дейді әдеппен.

Жетіншіден,

өзі ақша тауып, оны жұмсауды жоспарлай білетін Найманның қыздары еркекке ақша үшін тимейді. Жалпы, ақшаға құндылық ретінде қарамайды. Олар үшін отбасындағы құндылық – өзара түсіністік.

Иә, өзара түсіністік үшін жанын пида етуге дайын Найманның қыздары.

Мысалы, „Екі қошқардың басы бір қазанға сыймайды„ дегенді білетін олар, отбасы құру мәселесінде өзінен осал жігіттерді таңдайды. Өйткені Найманның қыздары – лидер әйелдер.

Демек, қосаққа келгенде, өзіне бағынышты болатын адам керек. Ал ақша тауып, жер-көкті төңкеріп тұрған жігіттер мұндайға, әрине көнбейді. Үйде отыр дейді.

«Келді ғой етеккірі…». Теріс діни ағымдағы ер адам оқушы қызын ұзатқызы келеді

Ал тапқанын күнделікті күнкөрісіне жеткізе алмайтындар еріксіз әйелінің табыс тапқанын қалайды. Міне, соларды Найманның қыздары өздерінің жұбы деп санайды„ деп жазылған хатта.

Айсұлу, Алматыда тұратын семейлік бойжеткен

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз