Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Сауд Арабиясы тағы да мұнай бағасын құлдыратпақ

292
Сурет hunternews.ru сайтынан алынды

Шілденің алғашқы күндері The Wall Street Journal маңызды жаңалық жариялады: Сауд Арабиясы мұнай нарығында жаңа баға соғысын бастаймыз деп сес көрсетуде. Бұған ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің өндіруді қысқарту бойынша міндеттемелерін орындамауы себеп болған.

Басылымның мәліметтері бойынша, Сауд ханзадасы Абдель Азиз бен Салман Аль Сауд Анголе мен Нигерияға ультиматум қойып, олардың басшыларынан мұнайды қысқарту бойынша нақты жоспарды мәлдімдеуді талап етті. Бірақ бұл елдің өкілдері көлемдерді шектеу бойынша нақты міндеттемелер алуға дайын емес екенін білдірді.

Айта кету керек, маусым айында ОПЕК тәулігіне 22,7 млн баррель мұнай өндірді. Бұл Парсы шығанағындағы соғыстан (1991 жыл) бері қарай өндірілген ең төменгі мөлшер. Нигерия мен Ангола мамырмен салыстырғанда квоталарды сақтауды жақсартты (тиісінше 77% және 83%), бірақ әлі де артта қалуда.

Сауд Арабиясы тәртіп бұзушы елдер үшін маңызды нарықтарда мұнайды төмендетілген бағамен қайта сатуға дайын екенін жеткізді:

«Біз сіздердің сатып алушыларыңыздың кім екенін білеміз», — деді Сауд Арабия министрі.

Мұны бүкіл мұнай әлемі біледі. Бұл елдердің негізгі сатып алушылары Үндістан мен Қытай. Егер

осы бағыта баға соғысы басталса, ол бүкіл әлемге әсер етеді: «қара алтынның» құны қайтадан құлдырауы мүмкін

СА-ның көздегені не?

Бағаның құлдырауын пайдалана отырып, көптеген елдер мұнай қорларын толықтырды. Қоймаларды үлкен жылдамдықпен толтырылып, жаңа мұнайды сақтайтын орын болмай қалады деп алаңдауда. Жалға алу құны тәулігіне ондаған мың доллар тұратын танкерлер де іске қосылды.

Енді Сауд Арабиясы бұл елдерді өз қорларын жұмсауға мәжбүр етуі керек. Мәселе тек сақтау орындарын босатуда ғана емес. Өйткені, елдер арзан бағамен сатып алынған мұнайды неғұрлым жылдам пайдалана бастаса, соғұрлым тез арада жаңасын сатып алады, бірақ оның бағасы қымбатырақ болады. Ал бұл процесті ынталандыру үшін Сауд Арабиясы өз клиенттері үшін бағаны көтереді.

Сәуір және мамыр айында саудиттер үлкен жеңілдіктер саясатын қарқынды жүзеге асырды (бұл сонымен қатар бәсекелестерін аяусыз жаншып, өзі үшін тиімді стратегиялық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік берді). Енді олар бірте-бірте мұндай тәжірибеден бас тартуда. Saudi Aramco Корольдігінің мемлекеттік мұнай компаниясының прайс-парағының негізінде,

тамыз айында Сауд Арабиясы барлық нарықтағы клиенттеріне мұнайды қымбат бағамен жеткізеді

  • Азиядағы сатып алушылар үшін Сауд маркаларының барлық желісі 1 долларға қымбаттайды.
  • АҚШ-та Arab Extra Light және Arab Light жеңіл Сауд сорттары тиісінше 20 және 30, ал ауыр Arab Medium және Arab Heavy — 30 және 40 центке қымбаттайды.
  • Солтүстік-Батыс Еуропадағы клиенттер үшін Эр-Рияд бағаны 40-70 центке көтереді, бірақ оның құны ресейлік деңгейден төмен болады.

Эр-Рияд Оңтүстік Еуропа нарығында ғана бағаны төмендетті. Мұнда Arab Light және Arab Medium шілде айына қарағанда 30 центке арзан сатылады.

Дағдарыс бола ма? 

Әлемдік мұнай өндіруші компаниялар мұнай бағасының өсуіне қауіп төндіріп тұрған кезде қайта өңдеу секторы ағымдағы, тіпті бағаның аз ғана өсуіне байланысты туындайтын шығындар туралы айтуда.

Bloomberg-тің мәліметтері бойынша, қазір мұнай өңдеу компаниялары маржаға байланысты қиындыққа тап болды. Көктемде бензинге, пластмассаға және басқа да тауарларға сұраныстың азаюына байланысты олардың бағасы едәуір төмендеді. Қалпына келтіру қарқыны да төмен. Нәтижесінде қайта өңдеу өнімдерінің бағасы шикізатқа қарағанда баяу өсуде. Бұл компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне де әсер етеді.

Карантиндік шектеулер қатаңдатылғанда 4 млн қазақстандық жұмыссыз қалды

Ондаған мың жұмыс орнына қауіп төніп тұр. Сарапшылар компаниялар жаппай банкроттық жариялап, бірігеді деп күтуде. Алайда, бұл пікірмен бәрі келіспейді. Бірқатар сарапшылар атап өткендей, шикізаттың қазіргі бағасы жыл басына қарағанда айтарлықтай төмен, ал одан алынған өнімнің құны әлдеқайда арзандаған.

Сонымен қатар, егер банкроттық болса да, олар негізінен күйзеліс сынағынан өтпеген әлсіз компанияларға әсер етеді. Мұнай өңдеу саласы әлі де өте тиімді бизнес болып қала береді: ең пессимистік болжамдар орындалса да, саланың жиынтық табысы жыл қорытындысы бойынша 40 млрд долларды құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз