Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Карантиндік шектеулер қатаңдатылғанда 4 млн қазақстандық жұмыссыз қалды

288

2020 жылдың сәуір айында «техникалық жұмыссыздардың» жалпы саны 4,2 млн адамды құрады, бірақ мамыр айында 1,1 млн-ға дейін қысқарды, деп хабарлайды Еңбек ресурстарын дамыту орталығы дайындаған «Қазақстан Республикасының еңбек нарығы COVID-19 пандемиясы аясында» баяндамасының авторлары. Төтенше жағдай кезінде 4,6 млн адам әлеуметтік төлем алды. Қызмет көрсету саласы мен біліктілігі жоқ қызметкерлер (даяшылар, сатушылар және т.б.) бәрінен көп зардап шекті.

Баяндама электрондық еңбек биржасы (ЭЕБ) мен халықты өңірлік жұмыспен қамту орталықтарының деректерін талдау негізінде дайындалды.

ТЖ кезінде ешкім жұмыс іздемеді де

ТЖ режимі әрекет еткен кезде  (2020 жылдың 16 наурызы мен 11 мамырын қоса алғанда) ЭЕБ-да 63,3 мың бос жұмыс орны ұсынылды. Бұл 2019 жылға қарағанда 34,1 мың (35%) орынға азырақ. 2020 жылдың басынан бастап барлығы 302,7 мың бос жұмыс орны туралы хабарлама жарияланды.

Алматыда (67,7%-ға) және  Түркістан (58,3%)мен Ақтөбе (55,2%-ға) облыстарында бос жұмыс орындарының саны айтарлықтай қысқарды. Ал елордада бос жұмыс орны 51,1% -ға қысқарған.

СҚО мен Ақмола облысында бос жұмыс орындары, керісінше, сәйкесінше 6,8 және 2,8%-ға артты. Ал Алматы облысында 5,2%-ға ғана түсіп, сол деңгейде қалды.

2020 жылдың басынан бастап  284,4 мың жұмыс іздеуші түйіндемесін еңбек биржасына орналастырылған. Бұл ретте наурыз айында олардың саны ақпан айымен салыстырғанда бір жарым есеге  азайды. Авторлар мұны 16 наурызда Төтенше жағдай режимі басталуымен және адамдардың

жағдайдың одан әрі дамуын күтіп, жұмыс іздеуде үзіліс жасауымен байланыстырады

Сәуір айында түйіндеме саны 43,1 мыңға дейін (наурызбен салыстырғанда 38,6% — ға өсті), ал мамырда 77 мыңға дейін өсті.

— Бұған дейін пандемияға байланысты қызметі шектеулі болып қалған салаларда жұмыс істейтін қызметкерлердің кіріс көздерін іздестіруді жандандыру себеп болуы мүмкін, — деп есептейді зерттеушілер.

Көбінесе оңтүстік аймақтарда жұмыс іздеушілер саны артқан

Түйіндеменің басым көпшілігі Түркістан облысында— 36,8 мың (қаңтар-мамыр айларында жарияланғандардың  14,8%-ын құрайды). Екінші орында Жамбыл облысы 19,4 мың (7,8%), үшінші орында – Алматы облысы (17,7 мың резюме, немесе 7,1%).

ТЖ кезінде ізденушілердің саны Маңғыстау (61,9%-ға), Алматы (42,6%-ға) және Қарағанды (38,9%-ға) облыстарында айтарлықтай қысқарды. Тек БҚО мен Алматы облысында көрсеткіштер тиісінше 9,6% және 5,4%-ға өсті. Авторлар адамдар жұмыс орнына бар алмағандықтан да жаңа жұмыс іздеген жоқ деп болжайды.

Сондай-ақ, сарапшылар халықты жұмыспен қамту орталықтарындағы көрсеткіштер де жағдайдың қиын екенін көрсетеді деп атап өтті. Мамыр және маусым айының ортасына дейін орталыққа 130 мың адам тіркелген. Бұл бір жыл бойғы көрсеткіштің жартысына жуығы (қаңтардан маусымға дейін). Ал 59 мың адам тек маусым айының алғашқы 17 күні ғана тіркелген.

— Бұл

ТЖ режимі аяқталғаннан кейін  кәсіпорындардың барлығының бірдей жұмысын қайта бастап кете алмауымен байланысты болуы мүмкін

Мәселен, фитнес орталықтар, кинотеатрлар, балабақшалар, қоғамдық тамақтану салалары және т.б.

Жұмыспен қамту орталықтарына көбінесе оңтүстік облыс тұрғындары жүгінген. Алматыда — 19,8 мың адам, Түркістан облысында – 13,4 мың адам, Алматы облысында — 12,7 мың адам, Жамбыл облысында-10,9 адам.

Ең үлкен соққы қызмет көрсету саласына тиді

Ең алдымен біліктілігі төмен және тұрақсыз жұмыс істейтін қызметкерлер зардап шекті. Мысалы, даяшылар, сатушылар, ас үй қызметкерлері және т.б. Ал салалық бөліністе — соңғы жылдары жұмыспен қамтылғандардың үлесі үнемі ұлғайып отырған қызмет көрсету саласы көбірек зардап шеккен.

— Сәуір айында ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты техникалық жұмыссыздар саны 4,2 млн адамды құрады,

бұл төтенше жағдай кезеңінде (4,6 млн адам) әлеуметтік төлем алушылардың санына сәйкес келеді, — дейді авторлар.

Карантиндік шектеулер жеңілдетілгеннен кейін еңбек нарығындағы жағдай айтарлықтай жақсарды. Сарапшылар жұмыссыздар саны мамыр айында 1,1 млн-ға, маусым айында 735 мың адамға дейін төмендегенін айтады.

— Құрылыс саласы жағдайды қалпына келтіруге көмектескен негізгі сектор болды, мамыр айының қорытындысы бойынша осы салада жарияланған жұмыс орындары 43,4%-ға дейін өсті, — деп атап өтті авторлар.

Жалпы, 2020 жылдың қаңтар-мамыр айларының аралығында жарияланған бос жұмыс орындары осы құрылыс саласына қатысты (68,7 мың — 22,7%). Екінші орында білім беру (42,8 мың — 14,1%) және денсаулық сақтау (36,1 мың — 12%) салалары. Келесі салаларда бос жұмыс орындары азырақ жарияланған:

  • Ақпарат және байланыс секторы-1,9 мың бос жұмыс орны (барлығы 0,6%),
  • қаржылық және сақтандыру қызметі – әрқайсысында 2,5 мың бос орын (0,8%),
  • тау-кен өнеркәсібі және жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар секторы – әрқайсысында 2,8 мыңнан (0,9%).
Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз