Қазақстанның СІМ ресейлік әріптестеріне мәлімдеме жолдап, ресейлік депутаттың “дүние жүзіндегі орыстарды, соның ішінде Қазақстанда тұратын отандастарын қорғау” жөніндегі мәлімдемесіне алаңдайтынын білдірді.
Мемлекеттік думаның ТМД істері жөніндегі комитетінің мүшесі Павел Шперов осындай мәлімдемені 26 қаңтарда Мемлекеттік думадағы дөңгелек үстел отырысында айтқан.
“Депутаттың (Шперовтың) мәлімдемесінде оның Қазақстанға территориялық талабы туралы да айтылды. Ресейлік тарап Қазақстанның СІМ мәлімдемесін дұрыс қабылдағанын айтты”, – делінген министрлік таратқан мәлімдемеде.
Ресейлік «Интерфакс» ақпарат агенттігі Мемлекеттік думаның халықаралық істер жөніндегі комитет басшысы Леонид Слуцкийдің мәлімдемесін таратты.
Слуцкий:
“Мәскеуде Қазақстан жерлерін Ресей бақылауына қайтару туралы мәселе ешқашан көтерілген емес”, – деген.