Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
5
USD
430
+1.16
EUR
503
+2.73
RUB
5.42
-0.02

“Сағадиев жақсы адам!”. Білім министрі проблеманы блогерлер көмегімен шешпек пе?

 

Білім министрінің жеке қабылдауында болған қоғам белсенділері “Әліппенің” алынып тасталуы, ЖОО-дағы Қазақ тілі мен әдебиет кафедраларының жабылуы, мамандық классификаторы, “Серпін” бағдарламасы секілді қоғамда дау тудырып жатқан мәселелерді талқылаған.

Ал, белсенді мұғалімдер мен өзге де азаматтар министрдің бұл әрекетін түсіне алмай әлек. Айтуларынша, білім және ғылым саласындағы проблемалар блогерлермен емес, ғалымдармен, педагогтармен шешілуі керек. Шымкенттік мектеп мұғалімі Өмір Шыныбекұлының пікірінше, министр бір жіберген қателігін тағы қайталап отыр.

“Өткен жылы наурыз айында да министр тек журналистер мен блогерлерді жинаған. Бірақ, халыққа олар Е.Сағадиевтің жақсы адам екенінен басқа ештеңе түсіндіре алмады”, – дейді Өмір Шыныбекұлы.

Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан да білім саласындағы проблемаларды алғаш болып көтерген жандардың бірі. Оның айтуынша, Ерлан Сағадиев блогерлер мен журналистерді жинай бергенше, ғалымдардан тұратын комиссия құрып, мәселені дереу шешуі керек.

“Сырым Абдрахманов ініміз Ерлан Сағадиевке барып біраз тəтті сөздерін естіп келген екен. Бірақ бізге тəтті сөздер жеткілікті емес. Арнайы байсалды қоғамдық комиссия құру керек. Сол Комиссияға Асқар Жұмаділдаев, Талас Омарбеков, Мəмбет Қойгелді, Айгуль Исмакова секілді аға-апаларымыз кірсін. Мен де баруға дайынмын, керек болса. Сол Комиссия БҒМ-нің барлық бағдарламаларын құжаттармен мұқият зерттеп халыққа нəтижесін баяндап берсін. Ал БҒМ-нің тəтті сөздеріне сенім таусылды”, – дейді ол.

Жалпы, соңғы бірнеше күннен бері Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің реформаларына академиктерден бастап қарапайым мұғалімдерге дейін қарсы шығып отыр. Олардың қатарында білім беру саласына қатысы жоқ қарапайым азаматтар да көп. Атап айтқанда, жұрт мектеп бағдарламасынан “Әліппе” пәнінің алынып тасталуына, үштілді білім берудің балабақшадан және бірінші сыныптан бастап енгізілуіне, жастарға арналған “Серпін” бағдарламасының жабылуына (министр бұл бағдарламаның жабылмағанын айтып отыр), ЖОО-да қазақ тілі мен әдебиет кафедраларының қысқаруына (министр мұны да жоққа шығарып отыр) қарсылық танытуда. 

Дереккөз: sn.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз