Із-түзсіз жоғалған Сафар Шәкеевті 50 полицейден тұратын мобильді топ іздеуде.
Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған stan.kz хабарлайды.
1991 жылы туған Сафар Шәкеевтің із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз Медеу аудандық ІІБ-ге 16 шілдеде шамамен сағат 22:00-де түсті.
«Біздің қызметкерлер мен Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының өкілдерінен тұратын жедел топ құрылды. Сонымен қатар, із-түзсіз жоғалғанды іздеуге шамамен 15 учаскелік полиция инспекторы жұмылдырылды. Қазір азамат Шәкеевтің өмір салты, оның соңғы кездері араласқан адамдары тексерілуде. Қазір іздеу жұмыстарына шамамен 50 полицей жұмылдырылды», – деді Медеу аудандық ІІБ басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов.