Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

“Сабақ оқығым келеді”. Атырауда кимешек киген қызды мектепке кіргізбей қойды

683

Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында ер адам мектеп әкімшілігінің әрекетін заңсыз деп танытуды талап еткен. Шағымда ол қызының діни отбасында тәрбиеленетінін, кішкентайынан кимешек киетінін айтқан. Сотта белгілі болғандай, 2016 жылдың қыркүйегінде мектеп әкімшілігі міндетті мектеп формасын сақтап, қыздың кимешекпен сабаққа келуіне қарсылық білдіретінін ескерткен.

Бұдан соң ер адам қызын мектепке жібермей қойған. Бірақ наурыз айында қайтадан мектепке келгілері келетінін айтқан, бірақ сол күйі бармаған.

Қазақстанның ҚР Білім және ғылым министрілігінің бұйрығымен оқушылардың мектеп формасы діни элементтерсіз, барлық конфессия өкілдері үшін ортақ екендігі бекітілген. Сол себепті сот ата-аналардың министрлік бекіткен талапты орындау керектігін айтқан. Сондықтан оның шағымы қанағаттандырылмаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз