Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сұмдық-ай! “Жүрегі тоқтап қалды” деген оқушыны сыныптасы ұрып өлтірген (видео)

Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

13 жастағы Темірлан Диқанбаевтың тура мектепте көз жұмғанына 20 күн өтті. Бүгінге дейін 8-шы сынып оқушысының сабақтан кейін аяқасты жүрегі ұстап өлгені айтылған болатын. Бірақ, марқұм жеткіншектің ағасы мұғалімдердің өтірігін әшкерелеп, сол күні сыныпта төбелес болғанын айтып отыр. Яғни, Темірланды сыныптасы ұрып өлтіріп алған.

Бауыржан Мусин, марқұмның ағасы:

Сабақ аяқталып, оқушылар үйге қайтуға жиналып жатқанда Темірлан сыныптасымен ерегісіп қалған. Сол кезде ұлдар төбелеске қайрапты. Кейін әлгі сыныптасы Темірланды арқасынан соғып, кеудесінен ұрған. Қатты тисе керек, бірден жүрегі тоқтап қалған. Бауырымды сабап тастаған бала каратэмен айналысады екен.

Осы кезде үлкен шу шығып, мұғалімдер жетіп келген. Темірланды ажалдан арашалау үшін мектептің медбикесі көмек көрсеткенімен, жедел жәрдем жеткенше жасөспірім есін жимастан кетіпті.

Бауыржан Мусин, марқұмның ағасы:

Мектеп директоры мен мұғалімдер оқушыларға төбелес болғанын айтуға тыйым салған. Жедел жәрдем де, Темірланның неліктен есінен танып құлағанын білмей, көмек көрсете алмапты. Яғни,құр спирт иіскете берген. Ол мұрнын күйдіріп жіберген. Егер қатты соққыдан құлағанын бірден айтса, бәлкім бір амалын тауып ажалдан арашалап қалуға болар еді.

Үйдегі екі ұлдың үлкені – Темірлан Диқанбаев оқуда үлгілі, ата-анасының үкілеген үміті болатын. Марқұмның туыстары мектептің оқиғаны жасырып, Темірланның жүрегі ұстап қайтыс болды деп өтірік ақпарат таратуы жандарына қатты батып отыр. Енді ұлын ұрып өлтірген сыныптасы мен қазаны жасырған мұғалімдердің жазаланғанын талап етуде. Ал полиция әзірге дерек бойынша ғана, қылмыстық іс қозғаған.

Софья Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

Абайсызда кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр. Өлімнің нақты себебін анықтайтын сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Басы дауға қалған Астанадағы ең мақтаулы №59-шы мектептің мұғалімдерінен бастап, оқушыларына дейін полицейлер жауап алған. Бірақ білім ордасының басшылығы мән-жайды түсіндірудің орнына, болған оқиғаны жасырып сұхбаттан әлі  қашып жүр.  Ал Темірланды өлтіріп алған сыныптасының жасы 14-ке де толмағанын ескерсек, ол қылмыстық жауапкершіліктен мүлдем құтылып кетуі мүмкін. Жазаланғанның өзінде де, тәртібі қиын балаларға арналған интернатқа  жіберілуі ықтимал.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз