Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Руслан Күлікбаев полицейлерді қалай қырып салғанын айтып берді

133

«Оның қасына тоқтамадым, өтіп бара жатып аттым. Байзақов көшесіне қарай көтерілгенмін, тура кетіп бара жатқанда патрульді көріп қалдым соның алдына бұрыл дедім. Соның қасынан метрдей өтіп барып тоқтадық. Мен сол жерде түстім де, екеуін де атып тастадым. Содан оғымды қарадым, автоматта 3-4 оқ қалған екен, сосын пистолет алып алдым. Сосын маған ғимарттан біреу оқ атты, ол оқ маған тиген жоқ. Машинаға тиді. Жоғары көтерілген соң қарасам КНБ деп жазылып тұр екен. Ары қарай кете бердім», – дейді Күлікбаев.

«Алдымнан бір кісі кездесті. Мен одан «Сен кімсің?» деп сұрадым. Қолында дело бар екен. Ол маған: «Мен жай азаматпын» деді. Мен «Өтірік соқпа, қалтаңда «корочка» бар ғой. Неге алдап тұрсың мені?» дедім. «Куәлігіңді көрсет» дедім, ол «алдап тұрғам жоқ» деді. «Егер мені алдап тұрсаң, мен сені Аллаһ жолында атып тастаймын» дедім. Корочкасын қарасам, алдап тұр екен, атып тастадым. Сороковкадағы мені келіп соқты. Оны атамын деген ой да болған жоқ. Қарасам, терезесінде тонировка бар екен. Көйлегінің жағасы сотрудниктердің формасына ұқсап кетті. Жанына шықтым да аттым, сосын барып білдім, оның сотрудник емес екенін. Сосын Абылай хан көшесіне бардым, онда атыстым. Ең соңында Галимов Аян деп жатыр ғой, сол мені атты. Ол бірінші атты. Сосын онымен атыстым, маған да оқ тиген», – деді Руслан Күлікбаев.

20161017112828

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз