Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
18
USD
440
-0.03
EUR
474
+0.23
RUB
4.76
-0.06

Ресейде Қазақстан азаматтарының құлдықта бар-жоғы тексерілетін болды

Бұл ақпаратқа сәйкес, 24 қаңтар күні РФ-дағы адам құқығы бойынша уәкілетті Татьяна Москалькова Мәскеудегі адам құқығы бойынша өкілдігі мен Ресей ІІМ көші-қон мәселесі жөніндегі бас басқарманың басшысынан құлдыққа ұшыраған Қазақстан азаматтарынан түскен арыздардың саны туралы сұрастырып білді.

“Бұдан бөлек, 25 қаңтар күні РФ адам құқығы бойына Уәкілетті аппаратының бір топ қызметкері Мәскеудің әртүрлі сауда орындарында жұмысқа жегіліп, бостандығынан айырылған Қазақстан Республикасы азаматтарын анықтау мақсатында Мәскеу қаласы және облысы бойынша шетелдік азаматтарды уақытша қабылдау арнайы мекемелерін тексеріп шығатын болады”, — делінген ҚР омбудсмені сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетелік, жақында Мәскеудің супермаркетінің жұмысына жегілген Қазақстан бойжеткені қашып келді. Оның төлқұжатын тартып алып, дүкенде суық жерде ұстап, жартылай аш ұстаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз