Германияда W140 сериясындағы Mercedes-Benz S 600 оқ өтпейтін лимузины сатуға қойылды. Бұл бекер көлік емес. Mobile.de порталының хабарлауынша бір кездері бұл көлікті Ресей президенті Владимир Путин тақымдаған екен.
Темір тұлпар 1995 жылы құрастырылған. Осы уақытқа дейін небары 25 мың шақырым “шауып” үлгеріпті. Бағасы арзан емес. 1,3 млн еуро.
Путиннің көлігін алғысы келген адам табылып қойыпты. Әрине, орыс президентінің көлігін орыстың сатып алары анық қой. Сатып алушы Мәскеудегі белді кәсіпкерлердің бірі екен.