Ресейде алғаш рет бір күнде 24 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды.
Бір күн бұрын COVID-19-дың 23 610 жағдайы тіркелгені туралы хабарланды. Бір тәуліктегі өсім қарқыны 1,2 пайыз деңгейінде қалып отыр. Жұқтырғандардың жалпы саны 2 039 926-ға жетті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, әлемде 56 миллион адам вирус жұқтырды, оның 1,34 миллионы қайтыс болды. Індет анықталғандардың көбі, 11,2 миллионы АҚШ-тан. Үндістан, Бразилия, Франция, Ресей, Испания, Ұлыбритания, Аргентина, Италия және Колумбияда да вирус жұқтырғандардың саны бойынша жоғары деңгейде.