Шешен Республикасының президенті Рамзан Қадыров, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа және барша Қазақстан халқына Алматыдағы қанды оқиғаға байланысты көңіл айтты.
Бұл туралы maturidi.kz хабарлайды.
Біз қиын жағдайда жатқан Шешен Республикасына шетелдік мемлекет басшыларының арасынан бірінші болып Нұрсұлтан Назарбаев қол ұшын бергенін ұмытқан жоқпыз. Қазақстан президенті салып берген тұрғын үй Шешенстан астанасы орталығының шырайын ашып тұр. Риза болған шешен халқы орталық көшелердің біріне және бір мектепке Нұрсұлтан Назарбаев есімін берді.
Қазақтар біз үшін туған ағамыз секілді, ал Қазақстан тұтас бір буын шешен азаматтары үшін екінші Отанға айналған. Бұл елде менің қадірменді әкем, ШР Тұңғыш Президенті, Ресей батыры Ахмат-Қажы Қадыров дүниеге келген. Бұл елде маған жақын адамдар жерленген, оның ішінде менің атамның ағасы да бар», – деп жазды Рамзан Қадыров Instagram-дағы парақшасында.
Шешен Республикасының президенті түрлі терактілерді бастан кешкен шешен халқы мұның қандай үлкен қайғы екенін терең сезінетінін жеткізді. Сөз соңында Рамзан Қадыров бауырлас қазақ халқына лаңкестікпен күресте кез-келген көмекті жасауға әзір екенін айтты. Сондай-ақ, бауырлас Қазақстан еліне бейбітшілік, тұрақтылық және мемлекеттің гүлдене беруін тіледі.
Еске сала кетейік, 18 шілде күні күндізгі сағат 11 шамасында Алматыда полицейлер мен белгісіз адамдар арасында атыс болды. Салдарынан бес адам ажал құшты.