Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Парламент ТМД елдерінің төтенше жағдайы туралы заң жобасын мақұлдады

Бұл туралы Үкімет басшысының ресми сайтында хабарланды.

Келісімге 2015 жылғы 16-қазанда Бурабай кентінде мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізу барысында қол қойылды. Келісімнің іске асырылуы тараптардың біреуінің күшімен, құралдарымен жойылуы мүмкін емес төтенше жағдайлар туындаған жағдайда бірлескен үйлестірілген әрекеттердің ұйымдастырылуына ықпал етеді.

«Келісімді ратификациялау төтенше жағдайды бақылау және болжау саласында тәжірибе алмасуға, тарап-мемлекеттердің оқу орындарында азаматтық қорғау саласындағы мамандарды оқытуға, халықты қорғау тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты негізде бірлескен тақырыптық конференциялар, семинарлар, сабақтар, жаттығулар жүргізуге, тараптардың аумағында төтенше жағдайды жою кезінде қысқа мерзімде көмек ұсынуға мүмкіндік береді», – деді ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыста.

Министрдің айтуы бойынша, заң жобасы теріс әсерге әкелмейді, ал оның қабылдануы табиғи апаттар тәуекелін төмендетуге әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың теріс салдарын барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, келісімге сәйкес осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің бірінің аумағында төтенше жағдай туындаған кезде немесе туындау қаупі болған кезде, бұл тарап өз мүмкіндіктеріне сәйкес еріктілік негізінде көмек көрсететін басқа тарапқа немесе тараптарға көмек көрсету туралы өтініш білдіре алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз