Украинаның шығысындағы жанжалды реттеуге байланысты Үш жақты байланыс тобының кездесуі Минскіде 1 ақпанда өтеді. Бұл жөнінде Украинаның экс-президенті Леонид Кучманың баспасөз хатшысы Дарья Олифер журналистерге мәлімдеді.
Олифер өтуі тиіс видеоконференция Ресей және сепаратистер өкілдерінің қатыспауынан өтпей қалған. Осыған дейін Ресей тарапы келіссөзге дайын екенін айтып, кейіннен оның еш нәтиже бермейтінін айтқан.
31 қаңтарда ресейшіл сепаратистер Украина армиясы басып алған жерді қайтарып алмақшы болған. Екі тараптан да қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Атыстың салдарынан Авдеевка ауданында электр жарығы сөніп, тұрғындар жылусыз қалған. Ауыз су беру де тоқтаған.
Еуропа кеңесінің бас хатшысы Турбьерн Ягланд Донбастағы жанжалға қатысты барлық тарапты оқ атуды тоқтатуға шақырды.