Сот үкімімен 2 қала тұрғыны Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасында белгіленген орындардан тыс жерлерде құмар ойындарды ұйымдастырғаны және өткізгені үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Астана қаласы прокуратурасының мәлімдеуінше, алдын ала сөз байласу адамдар тобымен кінәлі тұлғалар «TikTok»әлеуметтік желісінде жалпы сомасы аса ірі мөлшерде 34 млн теңгеден астам табыс табумен «Зарик» атты құмар ойын өткізді.
Бәс тігудің жеңімпазы 3 ойын текшесінайналдыру арқылы анықталады. Ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болады.
Үкім заңды күшіне енді.