Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
11
USD
449
+0.67
EUR
479
+1.25
RUB
4.79
0.00

Полиция Александр Кузнецовқа іздеу жариялауды сұрады

Айта кетейік, 4 қазанда Кузнецовқа мемлекеттік қорғаушы тағайындалған болатын. Мұның алдында 2018 жылдың 2 шілдесінде Кузнецов бостандыққа шыққан болатын – оның өтелмеген бес жыл уақыт мерзімі айыппұлға ауыстырылған еді.

Айыппұл сомасы – 1 097 281 теңге. Бірақ 14 тамызда Алматы облыстық соты бұл шешімді алып тастады. Сондықтан Кузнецов қайтадан колонияға жеткізілуі тиіс болатын.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан “Чукотка” бары маңында болған еді. Төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған. Бірінші сатыдағы сот Александр Кузнецовты ҚР ҚК-нің 104-бабында қарастырылған қылмыс бойынша айыпты деп танып, осы бап бойынша колониялық режимде түзету колониясына бір жыл алты айға бас бостандығынан айыру туралы жаза кескен.

Кузнецовтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. Жәбірленуші тарап сот шешіміне шағым келтірмейтінін жеткізді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз