Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Павлодарда кафеде бір адамды күзет қызметкерлері аямай сабап тастады (видео)

Бейнежазба әлеуметтік желідегі “Типичный Павлодар” тобына салынған. „Элекор күзет фирмасының қызметкерлері (арнайы киімдегі жазба көрсетіп тұрғандай) Павлодардағы кафенің біріне келушіні сабады„ деп видеоға тақырып берілген.

„Бәрі барда тұрған қызға кафеге кірген бір адамның ұнамай қалғаны, сондықтан тетікті басқанынан басталды. Олар мұндайда біз ақыны бекерге төлеп отырмыз ба деп шығады. Кафенің атын жазыңыздаршы, ел өз қаһармандарын білсін„ деп жазады әлеуметтік желіні қолданушылардың бірі.

Тағы бір болжам бойынша, ол жігіт ішкен асының ақысын төлеуден бас тартқан сыңайлы. Алайда видеода байқанымыздай, формадағы адамдар автомат пен аяғын да сілтейді. Соған қарағанда бұл жайт одан да қиындау нәрсе секілді.

Павлодар ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі видеодағы күзет қызметкерлерінің ұсталғанын мәлімдеді.

„Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 3-тармақшасына, яғни „Базбұзарлық„ бойынша сотқа дейінгі Бірыңғай тергеу тізіліміне тіркелді. бұл қылмысқа күдікті „Элекор Күзет„ фирмасының екі қызметкері ұсталды„ делінеді арнайы хабарламада.

Алайда құзырлы орган бұл оқиғаға қатысты құқыққорғау органына ешқандай арыз-шағым келіп түспегенін баса айтады.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз