Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Павлодарда ер адам полицейді балтамен ұрып, өлтіріп қоя жаздады

Павлодар облысы Железин ауданы жергілікті полиция қызметі бөлімшесі инспекторының ұялы телефонына Жаңажұлдыз ауылының кәмелеттік жасқа толмаған тұрғыны хабарласып, үйінде төбелес болып жатқанын хабарлаған. Тіркелген мекен-жайға келіп жеткен полицей үйде екі ер адамның төбелісінің үстінен түседі. Оларды ақылға шақырып, тоқтатпақ болған кезде, үйдің иесі – 53 жастағы ауыл тұрғыны  балтаны ұстап, полиция қызметкеріне, отбасына қоқан-лоқы көрсете бастайды.

“Жағдайдың ушығуына байланысты полицей қызу қанды азаматты тоқтату үшін қосымша құралдарға жүгінуге бел байлап, қызметтік көлікке беттейді. Сол кезде артынан лып етіп шыққан төбелесқұмар үй иесі, қолындағы балтамен әуелі көліктің терезесін бір ұрып сындырады да, кейін полицейдің оң жақ иығынан соққы жасайды”, — деп хабарлайды ІІД.

Полицей самбо әдісін пайдаланып, өзіне тап берген азаматты тоқтатқан, содан кейін оны полиция бөлімшесіне жеткізді. Бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған күдіктіге қатысты отбасы-тұрмыстық жанжал дерегі рәсімделді, сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы, 1-бөлігі бойынша да қылмыстық іс тергелуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз