Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Өзі түрмеде, көлігімен біреу көшеде жүр”. Алматының прокуратурасы неге үнсіз?

210

Естеріңізге сала кетсек, Алматыда белгісіз біреулер сотталған адамның тәркіленген көлігіне мініп алып, жол ережесін бұзған еді. Көлік камераға түсіп, салынған айыппұлдар сотталған бейбақтың отбасына келіп жатқанын жазып едік.
https://kaz.365info.kz/byl-khalaj-ozi-tyrmede-koligi-tarkilengen-birakh-yjine-shtraf-kelipti-282987
Есет Маденов 2017 жылдың 24-ші қаңтарында 5 жылға сотталған. Дүние-мүлкі тәркіленгенЕсеттің 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлігін де сот мемлекет пайдасына тәркілеп алды.

Маденовтер отбасы тәркіленген көлік туралы ұмытып та кеткен еді, бірақ енді сол көлікке қатарынан екі штраф келіпті.

2017 жылдың 11 тамызында сағат 23:50-де көлікке мінген біреу Райымбек пен Фурманов көшелерінің қиылысында «стоп-линияны» басып кетсе, 24 тамызда Талғар трассасында тағы да штрафқа түскен.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінен келген жауапта мынадай қызық түсініктеме берілді:

«Е.Маденовтың атындағы 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлік құралы сот орындаушысы Закешов Ш.А-ның №7550-16-00-1/362-41 орындау жөніндегі құжаты негізінде қабылданды.

Департамент және «Әскери Құрылыс» АҚ (бұдан ары – Басқарушы) арасындағы келісімшарттың 3.2.10 тармағына сай, соңғысы мемлекет меншігіне келіп түскен мүлікті сақтау қызметін ұсынады. 06.06.2017 жылы аталған автокөлік Басқарушыға өткізілді.

Осылайша, жол ережесі бұзылған уақытта, дәлірек айтқанда, 2017 жылдың 11-тамызы, сағат 23:50-де аталған автокөлікке Басқарушы жауап береді. Ал Департамент бұл көлікті өз балансына 2017 жылдың 11-қыркүйегінде қабылдап алды.

Осы жағдайға орай, «Әскери Құрылыс» АҚ-на хат жолданып, олардан жауап алдық. Олар берген жауапқа сай, 2017 жылдың 11-тамызында қойма меңгерушісі Есдәулетов Д.Р ешкімнен рұқсат алмай, тәркіленген көлікке мініп, қойма аумағынан шығып кеткен. Есдәулетов бұл әрекетін былайша түсіндірді:

ол тәркіленген көлікті жанында тұрғанда, көліктен газдың иісі шығып тұрғанын сезген. Содан кейін, оны Алматы қаласындағы техникалық жөндеу орталықтарының біріне жөндетуге апарған.

Жөндеу орталығында көліктегі газ құрылғысынан ақау табылып, ол жөнделген. Содан, 11.08.2017 жылы Есдәулетов жөнделген көлікпен көлік тұрағына қайта оралып келе жатқанда, сағат 23:50-де жол ережесін бұзған.

Департамент тиісті шаралар қабылдануы үшін, оның ішінде,

жол ережесін бұзған тұлғаны әкімшілік жауапқа тартып, оған айыппұл төлету үшін 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлігін заңсыз пайдалануға қатысты деректі Алматы қаласының Ішкі Істер Департаментіне жолдады».

Қысқасы, тәркіленген көлікті емін-еркін мініп жүрген автотұрақ қызметкерлерінің айыппұл төлеп қана жазадан құтылып кеткісі бар.

Бірақ бұл жерде жол ережесін бұзудан бөлек, басқа да заң бұзушылық жатқанын прокуратура неге ескермейді? Ескерсе, неге әлі үнсіз отыр?

https://kaz.365info.kz/khashangy-erkelejdi-erke-esmahan-koliginin-salygyn-tolemej-zhyr-eken-293157
Фото informburo.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз