Нұр-Сұлтан
Қазір
-16
Ертең
-13
USD
516
-7.83
EUR
537
-7.77
RUB
5.17
-0.03

“Бұл қалай?”. Өзі түрмеде, көлігі тәркіленген. Бірақ үйіне штраф келіпті…

255

Біреудің көлігімен тыныш жүрмей, камераға түсіп, салынған айыппұлдар сотталған бейбақтың отбасына келіп жатыр.

Есет Маденов 2017 жылдың 24-ші қаңтарында 5 жылға сотталған еді. Дүние-мүлкі тәркіленген. Есеттің 491TRA05 нөмірлі SAMSUNG көлігін де сот мемлекет пайдасына тәркілеп алды.

Маденовтер отбасы тәркіленген көлік туралы ұмытып та кеткен еді, бірақ енді сол көлікке қатарынан екі штраф келіпті.

2017 жылдың 11 тамызында сағат 23:50-де көлікке мінген біреу Райымбек пен Фурманов көшелерінің қиылысында “стоп-линияны” басып кетіпті.

Тура сол мәшине, тура сол нөмір!

 

 

Ал 24 тамызда Талғар трассасында тағы да штрафқа түскен. Тура сол мәшине, тура сол нөмір:

 

Маденовтың туыстары түк түсінбей қалды: 8 ай бұрын тәркіленген көлік қалайша қалада жүр? Кім екен оған мініп жүрген?

Егер ол көлік біреуді қағып кетсе, қылмыс үшін пайдаланылса – кім жауап береді екен?

Масқараның көкесі болғалы тұр

Заң бойынша бұл көлік қалада жүре алмайды

Заңгер Сергей Уткин бұл жағдайда міндетті түрде тергеу жүргізу керек дейді.

Ең алдымен сот орындаушыларын бақылайтын әділет департаментіне ресми сауал жолдау керек. Тәркіленген мүлікті мемлекет пайдасына аудару – олардың тікелей міндеті. Ол көліктің тағдыры не болғанын бұл мекемедегілер біліп отыруы тиіс. Әрбір мүлікке жауап беретін нақты сот орындаушылары бар. Ол көлікті кімнің кімге бергенін анықтау қиын емес, — дейді заңгер.

Бұл жерде кемінде қызмет бабын асыра пайдалану деген бап тұр.

Масқара болғанда,

біреудің көлігін тәркілеген мемлекет жекелеген қызметкерлерлер түрінде оны заңсыз пайдаланып келеді.

Заң бойынша қалай еді?

Сергей Уткин. Фото ©Ярослав Радловский

Уткиннің айтуынша, тәркілеу жөніндегі үкімді сот орындаушылары орындайды. Көлік арнайы тұраққа қойылса, оның сақталуына тиісті лауазым иелері жауапты.

Бұл жерде арнайы тұрақ күзетшілері жауапты.

Тергеуші де, басқалар да оны жеке бас мақсатында пайдалана алмайды.

Ал үкім күшіне енген сәттен бастап, мемлекеттік сот орындаушылары іске кіріседі

Алдымен, мүлік түгенделіп, көлік тәркіленеді. Осы кезден бастап көлікке солар жауапты, – дейді заңгер. – Сосын, көлік сатылуы тиіс. Заңға сәйкес,

мемлекет пайдасына тәркіленген мүлік не бір мемлекеттік органға беріледі, не саудаға қою арқылы сатылады,

ал одан түскен ақша мемлекеттік қазынаға аударылады. Ал бұл көлік мемлекеттік органға берілсе, немесе сатылып кетсе – онда ол жаңа иесінің атына жазылуы тиіс еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз