Бұған дейін апатты жағдайға дауылды жел «кінәлі» болды деген болжамдар айтылды. Қоғам өкілдері билік сол арқылы апаттың нақты себебін, яғни бөгерттің құрылысыныдағы жемқорлық пен ақша жымқыруды жасырғысы келеді деген пікір білдірді.
16 мамырда Өзбекстан Бас прокуратурасы төтенше оқиғаның төрт негізгі нұсқасы қарастырылуда деп мәлімдеді. Олар:
Алайда, портал журналистері енді… «балық» деген бесінші нұсқа пайда болды дейді. Бөгеттің қабырғасының қирауына ірі жыртқыш балық себеп болуы мүмкін. Тергеушілер кеңес алу үшін тіпті мамандарды да тартты.
Тергеу барысында қойылған «қисынсыз сұрақтар» туралы жауап алуға шақырылған адамдардың бірінің туысы хабарлады.
– Тергеушілер көбінесе балықтар туралы сұрақ қойды. Сардоба су қоймасын іске қосқаннан кейін онда өсіру мақсатында әртүрлі балықтарды әкеле бастады. Бұл Желідеде
Қазақстанның су басқан аймақтарында үлкен жайындардың жатқаны түсірілген
бейнежазба тарағанннан кейін көрші мемлекетке дейін жеткен суқойма суында ұзындығы 1,5-2 метр болатын ірі балықтар қалай келді деген сұрақ туындады. Олар табиғи жолмен пайда болуы мүмкін, алайда су қоймасында осындай ірі балықтарды өсіруге рұқсат етілмейді. Қазір МҚҚ тергеушілерін
осындай жайын балықтарын өсіру бөгеттің бұзылуына себеп болуы мүмкін бе
деген сұрақ қызықтыруда.
Бұл үшін осындай мәселелер бойынша кеңес беретін мамандар шақырылды, – дейді сұхбат беруші.
Сардоба су қоймасының өкілі онда шынымен де балық өсірілгенін мойындады. Алайда бөгеттің жарылуына жайындардың мүлдем қатысы жоқ деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол өте ірі емес түрлерін — сазандар мен мөңке балықтарды өсіргенін айтты.
Сонымен қатар, Өзбекстан аңшылар мен балықшылар қоғамы сарапшыларының бірі бұл нұсқаның орны бар екенін мәлімдеді.
– Өз табиғатында салмағы 500 кг-ға дейінгі ірі сомдар «ұя» салу үшін су асты жырықтарын іздейді. Егер су астында табиғи үңгір болмаса, жайындар туннель тәрізді шұңқырларды қазады. Егер олар Сардоба су қоймасы бөгетінің қабырғасына шын мәнінде жарық жасаса, оған олар кінәлі емес, су қоймасын салу кезінде цементті пайдаланбаған құрылысшылар да кінәлі, – деді ол.
Одан басқа бұл нұсқаны жақтаушылар қоғамда жоқ екенін айту керек. Ташкенттік шенеуніктердің бірі
Бұндай ақылға қонымсыз нұсқаның қайда және не үшін пайда болғанын айтты
– Егер тергеу ісі бөгет қабырғаларын салу барысында қажетті арматура мен бетон және тастың орнына тек құм мен тастың қолданғанын растайтын болса, жемкорлық фактісі әшкере болады. Ал бұл жоғарыда тұрған басшылықтың жоспарына кірмейді. Сондықтан, бар кінәні балықтарға, қатты дел мен жауынға арта салады, — деді ол.
Сондай-ақ, шенеунік Сардоба су қоймасы толығымен жасанды, ал оның қабырғалары «саманнан жасалған сылақтан» салынғанын айтты.
—Тергеу ісі техногендік апаттың себебі су қоймасын жобалау мен салудағы кемшіліктерден болды деген қорытындыға келуі Президент Мирзиеевтің саяси еркіне байланысты болады. Ол бұған батылдық таба ала ма, жоқ па, тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады, – деді ол.
Сонымен қатар, апаттан кейін Шавкат Мирзиеев «Сардоба су қоймасындағы қайғылы оқиғаға кінәлілер, олардың кім екеніне қарамастан заң алдында жауапқа тартылады» деп уәде берді.
23-25 мамыр аралығында Өзбекстан мемлекеттік Салық комитеті орталық аппаратының 240 қызметкерін коронавирус инфекцияна тексеру үшін ғимараттың ішінен шығармады. Салықшылардың айтуынша, екі күн бойы олар ауасы тар, салқындатқышы жоқ кабинеттердегі орындықта ұйықтаған.
Қызметкерлердің айтуынша, төрт адамнан COVIND-19 расталғаннан кейін дүрбелең басталған.
МСК бір қызметінің айтуынша, демалыс күні болса да комитеттің 240 қызметкерлерін жұмысқа шақырған. Не себептен шақырғанын айтпаған.
– Мені басқа қызметкерлер сияқты жұмысқа алдап шақырды. Бізге ешкім тестілеу өткізеді деп хабарлаған жоқ. Жұмысқа келгенде тест тапсырып, содан кейін үйге қайтасыңдар деп айтты. Біз коронавирусқа тест тапсырдық, бірақ бізді ешқайда жібермеді. Барлығы ешқандай жағдай жасалмаған әкімшілік ғимараттың ішінде қалды. Кешкі сағат 8-де бізге палау әкелді, бірақ бәріне бірдей тамақ жетпеді. Келесі күні түстен кейін бізге төрт қызметкерден коронавирус табылғанын хабарлады. Барлығы бір-біріне қарай бастады. Содан кейін бізге СЭҚ қызметкерлерін жіберді. Нәтижесінде екі күн бойы сонда қалуымызға тура келді. Үшінші күні, яғни 25 мамырда мәселе шешілді. Осыдан кейін
100 қызметкер арнайы қонақ үйге орналастырылды, енді келесі 14 күн ішінде олар сол жерден жұмысқа барады
Тағы 40 қызметкер арнайы карантинге орналастырылды. Қалған 100 адам жұмысқа үйден қатынайды, –деді салықшы.
Бұл сөздерді Комитеттің басқа да қызметкерлері растады. Алайда олар біраз уақыттан кейін редакциямен қайтадан хабарласып, «МСК ғимаратында кондиционерлер жұмыс істеп тұр, барлық қызметкерлер антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілді және олардың ешқайсысы тамақтанбай қалған жоқ» деп мәлімдеді.
Алайда, баспасөз хатшысы Елена Исаева Салық комитеті қызметкерлерінің арасында вирус жұқтырғандар жоқ деп мәлімдеді.
– Коронавирустық инфекция МСК жанындағы Біліктілікті арттыру орталығының қызметкерінен анықталды. Бұл орталық Орталық аппараттың ғимаратында емес, Ташкенттің басқа бөлігінде орналасқан. Осы себепті МСК Орталық аппаратының барлық қызметкерлері CОVID-19-ға тестілеуден өтті. Ғимарат ішінде дезинфекциялау шаралары жүргізілді. Бұл процесс оларға ыңғайсыздық туғызғаны үшін қызметкерлерден кешірім сұраймыз, – деді Елена Исмаилова.
Ол МСК-нің 100 қызметкері арзан қонақ үйге орналастырылып, ал тағы 40 адамның карантинге алынғанына қатысты пікір білдіруден бас тартты
Исаеваның айтуынша, бұл сұраққа 14 күннен кейін нақты жауап береді.
Бұл мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмыс орнында карантинге жапқан алғашқы жағдай емес. Наурыз айында дәл осындай себеппен жұмыс орнында Ташкент қаласының әкімшілігінде істейтін 150-ден астам адам карантинге жабылған еді.