Өскемендегі колонияда отырған 24 жастағы азамат Павлодар мен Бұқтырма кентіндегі жалған тұрғын үй жалдау хабарландырулары арқылы жасалған алаяқтық әрекеттері үшін сотталды, деп 365info.kz сайты irbistv.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сот деректеріне сәйкес, ер адам №73 түзеу мекемесінде отырып, 2025 жылдың сәуірі мен маусымы аралығында интернетке коттедждерді тәулікпен жалға беру туралы хабарландырулар жариялаған. Жалға беру құны 20 мыңнан 80 мың теңгеге дейін болған.
Сотталушы кінәсін мойындамағанымен, Павлодар қаласының ауданаралық соты жиналған дәлелдерді жеткілікті деп таныған. Бұған дейін алаяқтық, тонау және ұрлық үшін сотталған ер адамға алдыңғы үкім бойынша өтелмеген мерзімнің үстіне тағы төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді.