Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Өзбекстандық мұғалімдер карантин режимін бұзуға мәжбүр

344
Сурет: Деловая столица

Бұхарадағы «Ситораи Мохи Хосса» санаторийінде жатқан 247 өзбекстандықтың карантиндік мерзімі белгісіз уақытқа ұзартылды. Бұл туралы карантинде жатқандардың біреуінің сөзіне сілтеме беріп, Озодлик хабарлайды. 22 наурызда Стамбұлдан ұшып келген соң екі жүзден астам снаторийге жатқызылды. Бірнеше күннен кейін олардың бірнешеуінен вирус анықталды, карантин режимін ұзартты.

Сәуірдің басында басқа бір санаторийде (Ташкент облысындағы «Энергетик») карантинде жатқандар шу шығарды. Онда барлығы 254 адам жатыр, оның 17 наурыз айында Дубайдан ұшып келген.

Нәтижесінде жанжал шығарғандардың жетеуі 15 тәулікке әкімшілік қамауға алдынды

— Ташкент облысының Жоғарғы Шыршық ауданының әкімшілік сотының шешімімен олар Өзбекстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 54 бабы («Эпидемияғы қарсы күрес ережелерін бұзу»), 183 бабы («Болмашы бұзақылық»), 194 бабы («Ішкі істер органы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау»)  бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, — делінген жазбада.

Коронавирус індеті кең тараған шетелдерде болып келгеннен кейін Өзбекстандағы карантинді бұзғандарға

сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін

Мұғалімдерді карантин режимін бұзуға мәжбүрлеуде

Карантинге және адамдардың оқшаулануына қойылған талапқа қарамастан Андижан облысының Избаскон ауданында мектеп мұғалімдеріне оқушылардың үйлерін аралап, олардың онлайн сабақтарға қалай дайындалып жатқанын суретке түсіруді тапсырған. Оларға күн сайын оқушылардың оқу үлгерімдерін тексеріп, тиісті есеп беріп отыруды бұйырған.

Олай болмаған жағдайда жалақыларын кесіп тастайды

Жек басы туралы ақпарат берілмеуін өтінген мектеп директорлары бұл ақпарды растап отыр.

–​ Бізге оқушылардың үйлеріне барып, интернеті жоқтардың қалай сабаққа дайындалып жатқанын растау үшін суретке түсіруді талап етті. Әр мұғалімге бір сынып бекітілген. Үйлерінде интернеті бар ата-аналардан балаларының сабақ оқып жатқанын суретке түсіріп, бізге жіберуін сұрадық.  Ол суреттерді телеграм желісіне жариялайды, – дейді Избаскон ауданындағы бір мектептің мұғалімі.

Оның әріптесі пандемия кезінде оқушылардың үйлеріне барудан қорқады дейді.

– Ата-аналар үйге келген мұғалімдерге жақтырмай қарайды. Егер  біз келгеннен кейін

оқушылардың отбасы мүшелерінің бірі коронавирусты жұқтырғаны анықталса, барлық кінәні мұғалімдерге артады

Мен өз денсаулығым үшін де алаңдаймын. Неліктен барлық адам карантинде отырғанда, мұғалімдерді өз өмірлерін қауіпке тігіп, оқушылардың үйіне баруға мәжбүрлейді?–деп мұғалім шағымданды.

Алайда, Избаскон ауданының меңгерушісі Азизилло Абдукаримов телефон арқылы сөйлескенде мұндай шағымдарды үзілді-кесілді жоққа шығарды. Одан кейін бірден телефонын өшіріп тастағандықтан, оған қайта хабарласа алмадық.

Бірақ кейін бір мектептің директоры аудандық білім бөлімі бұл  ақпаратты  «жария еткен»  адамдарды іздестіре бастағанын хабарлады.

— Барлық аудандық мектеп директорларына мұғалімдердің мектеп оқушыларының үйлеріне барып, фотоесептерді құрастыруға мәжбүр ететіні туралы ақпаратты жоққа шығаруға бұйрық берді, — деді ол.

Науқастарды кемсітуге болмайды

Өзбекстанда

Covid-19 ауруымен ауырған немесе карантинде жатқан адамдарды кемсітетіндер жауапкершілікке тартылады

— Министрлер Кабинеті жанындағы жедел штабтың ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, бұрынғы пациенттің және карантиндегі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұққаны үшін, сондай-ақ осы санаттағы адамдардың жеке өмірі туралы мәліметтерді таратқаны үшін 9 млн сом ($930) көлемінде әкімшілік айыппұл салынады, — деп жазды портал.

Осы әрекетті қайталағаны үшін  22,3 млн ($2 330) айыппұл немесе 300 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстар,  2 жылға дейін түзеу жұмыстары қолданылады.

Егер азаматтың жеке өмірі туралы ақпаратты заңсыз жария ету ауыр салдарға әкеп соқса, 44,6 млн сом ($4 660) немесе 360 сағатқа дейін міндетті қоғамдық жұмыстарға немесе 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы белгіленеді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз