Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Ақтөбеде тұрғындар жарамсыз деп танылған үйде тұрып жатыр

«Сүріледі деп құжат жинап едік. Бірақ әкімдік күнде ертең дейді. Сөздің шыны керек, жөндеуге реті жоқ, бәрі құлап жатыр», – деді қала тұрғыны Ерболат Құдаров.

Жергілікті әкімдік аталған жағдаймен таныс. Мамандар расымен үйдің апатты деп танылғанын және сүрілуі тиіс екенін айтады. Сөздерінше, қазір тұрғындарға өтемақы төлеу немесе жаңа үй салу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Бұл үй бойынша пәтерлерді бағалауға бюджетке өтінім беріп қойдық. Алдағы уақытта қаражат бөлінгеннен кейін реновациялық тәртіппен сатып алу немесе басқа да жұмыстар жүргізіледі», – деді Ақтөбе қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің сектор меңгерушісі Әсима Омарова.

Ал тұрғындар бұл процесс ұзаққа созылып кетпеуін қаладайды. Себебі күн өткен сайын апатты үйде тұру қауіпті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз