2019 жылдың қараша айында президент Шавкат Мирзиёевтің күйеу баласы Отабек Умаров Өзбекстандағы Аралас жекпе-жек өнері қауымдастығының (ММА) басшылығына тағайындалды, бұған қазіргі әкімшілік тамыр-таныстықтың арқасы деп күдікпен қарады.
Отабек Умаров президенттің кіші қызы Шахнозаға үйленген. Ол үкіметте бірнеше қызмет атқарады, соның ішінде Мирзиёевтің жеке қауіпсіздігі басқармасы басшысының орынбасары және шетелдік жоғары лауазымды тұлғалармен өтетін дипломатиялық кездесулердің бейресми елшісі. Оның лауазымының бір сәтте жоғарылауы Мирзиёев өз отбасының мүшелеріне айырықша құқық бергенін көрсетеді, бұл саяси тамыр-таныстықтың классикалық үлгісі.
Өзінің жаңа лауазымында біраз уақыт қызмет атқарғаннан кейін Умаров пен Өзбекстанның ММА қауымдастығы Ташкентте «Гориламен жекпе-жек чемпионаты» шарасын өткізді. Оған ММА-дің беделді ойыншысы, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың ағасы Омара Нурмагомедов басшылық етті. Президенттің күйеу баласы мүмкіндікті пайдаланып, UFC чемпионын өзбек астанасына шақырып, Нурмагомедовпен бірге ресми пресс-конференцияға бірге қатысты, кейіннен онымен бірге жаттығу залында бірге жаттықты.
«Хабиб өз ұлтының құрметті ұлы, ол Өзбекстан және күллі әлемнің жастарына үлгі боларлық азамат», — деді Умаров өзінің алғашқы кездесуі туралы.
Умаровтың осылай спортқа қызығушылық танытып, оның Аралас жекпе-жек өнері қауымдастығының басшылығына тағайындалуы Өзбекстандағы клептократияның (билікті қолданып, мемлекеттік қаржыны ұрлау арқылы өзінің байлығын және саяси ықпалын үлкейтетін, алаяқтармен бақыланатын, кейде өз халқына әділетті қызметін көрсетпейтін үкімет) тағы бір дәлелі.
Шавкат Мирзиёев 2016 жылы билікке келгенде, халық жақсы өзгерістер болады деп сенген еді.
Мирзиёевке дейін билік басында болған Ислам Каримов 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап ел билігін уысынан шығармай ұстаған. Ол билік еткен 25 жылда елде клептократия белең алып, адамдардың құқығы тапталып, мемлекетттік секторды жемқорлық жайлаған еді. Каримов қаза болғаннан кейін, халық оның орнына келетін президент үкімет жұмысын жаңа бағытқа бұрып, жылдар бойы бақылауға алынбаған жемқорлық жойылады деп үмітенген еді.
Алайда басқарудың ескі үлгісі сақталды. 2016 жылдың желтоқсанында Самарқандтық рулық қауымның мүшесі Мирзиёев президент болып сайланды. халықаралық БАҚ оған «көз бояушылық үшін өткізілген» сайлау деп баға берді. Дегенмен бұған дейінгі билікпен салыстырғанда Мирзиёев сыртқы саясатта айтарлықтай ашық және инклюзивті екенін көрсетті. Ол Өзбекстанның тұйықтық, оқшаулық саясатын тоқтатып, түрлі континнентердегі әлем көшбасшыларымен байланысын нығайтты. Өзгерістердің бұл тобына қарап, кейбіреулер оны реформатор деп бағалады.
Кейінгі жылдары Мирзиёев елдегі адам құқығына қатысты ушыққан жағдайды реформалауға қадамдар жасады. 2018 жылы саяси себеппен 2016 жылы тұтқындалған 40 адамды және мемлекеттік бақылауға қарамастан өздерінің дінін насихаттаған «тәуелсіз мұсылмандарды» босатты. Кейіннен 2019 жылдың тамызында Яслик түрмесіндегі «Азаптау үйі» жабылды. Дегенмен, саяси айыптаулары бар мыңдаған адам әлі күнге дейін термір тордың ар жағында отыр.
Өзбек азаматтары Мирзиёевтің кезінде сөз бостандығының аз да болса жақсарғанына куә болғанымен, бұл еркіндікке әлі де шектеу қойылған. Қауіпсіздік қызметінің ықпалы жоғары, ал еркін сайлау қол жетпес арманға айналды.
Мирзиёев саяси тамыр-таныстықты пайдаланып, үкіметтегі негізгі билікті уысында ұстап қалуға тырысуда деген қауіп бар. Оның кіші қызы Шахноза Мектепке дейінгі білім беру министрлігінде жұмыс істейді, ол қаржы мәселесін бақылауда ұстайды деген сыбыс бар. Ал үлкен қызы Саида Өзбекстандық Ақпарат және Бұқаралық коммуникация агенттігі директорының орынбасары. Оның лауазымы мемлекеттік БАҚ бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Саиданың күйеуі президент Мирзиёевтің әкімшілігінде қызмет атқарады.
Бірнеше қызметті қатар алып жүрген Умаров өзбек үкіметінде көптеген қызмет атқарады. Өткен айда ол ММА-дің Орталық Азиядағы конфедерациясының (оның құрамына Әзірбайжанның, Қазақстан мен Қырғызстанның, Тәжікстанның және Өзбекстанның ұлттық қауымдастығы кіреді) басшысы болып тағайындалды. Қазақстанда 8 ақпанда өткен Халықаралық аралас жекпе-жек өнері федарациясының (IMMAF) отырысында сайлау болды.
«IMMAF-тың қолдауымен бұндай аймақтық комиссияларды қолдау біздің саясатымыз бен құндылықтарымызды жергілікті деңгейде дамытуға мүмкіндік береді. Ол әуесқой ММА-дің дамуына өз үлесін қояды», — деді пресс-конференцияда IMMAF президенті Керрит Браун.