Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Қашанғы өтірік мәдениетті боп жүрем…”. Төреғали Төреәлі шыдамай шынын айтты

257

 

«Азғыратын бопты». 16 жас кіші әйел алған соң Абай Бегеймен қызы сөйлеспей қойған

 

“Ешкім танымай қалмаса да, одан зорын бастан өткердім”, – дейді Төреш. Бір қызығы, жұрт “мәдениетсіз” деп сөккен Төреғали өзінің теріс қасиеттерін жоққа шығармайды.

“Шынайылық деп жүріп, ең шынайы бет-бейнемді көрсеткен сияқтымын. Оны қашанғы жасырып жүремін? Өзім сондай болсам, қашанғы өтірік мәдениетті, тәрбиелі адам болып жүремін, деп ойлаймын кейде”, – дейді Төреғали.

Ұлы дала баласының айтуынша, сахнада да тура солай. Бұл орайда, ол тек өзі ұнататын әнші бикештермен дуэт құрғанын мысалға келтірді.

“Қасыңдағы серіктес қызды жақсы көрмейсің, бірақ сен оны жақсы көретіндей ойнау керексің. Халық айна ғой. Көзі қырағы көрермен өтірік істеп тұрғаныңды байқап қалады. Қанша суайт болсаң да, кішкентай ғана мейірімің мен жүрегің болса да, халық соны көреді деп ойлаймын. Баяғыда Айнұрмен айтыс болған кезде жұрт “мына бала Айнұрға өле ғашық екен” деп шықты.

 

«Алалап мені…». Мақпал Жүнісова Медеу Арынбаевқа ренжіп қалғанын айтты

 

Еркені жек көргеннен дуэт айтасың ба? Жақсы көргеннен айтасың. Мөлдір, мысалы. Мен дуэт айтқан қазақ қыздарының осалы жоқ деп ойлаймын. Елдің сүйікті әншілері болғаннан кейін, мен де елдің бір өкілімін. Халықтың талғамы қандай болса, менікі де сондай”, – дейді әнші.

https://youtu.be/DNVFDrJG3Rk

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз