Қалалық ІІД қылмыстық іске бірнеше мәрте тартылған көлік ұрыларының тізімін жария етті. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.
Жайбергенов Болат, Пантелеенко Александр, Қонабаев Ержан/ Фото: Алматы ІІД
Көлік ұрыларының әрқайсысы кемінде үш рет жауапкершілікке тартылған. Тіпті біреуі көлік жабдықтарын ұрлауға 33 мәрте барған.
Гнедов Вячеслав, Темірбаев Берик, Рамазанов Ерлан / Фото: Алматы ІІД
Майер Александр, Хошниязов Рустам, Батышпаев Азамат/ Фото: Алматы ІІД
“Тәжірибе көрсетіп тұрғандай ұрылар бостандыққа шығып дұрыс жолға түспейді. Қылмыстарын бірнеше мәрте қайталайды. Соған байланысты біз олардың түрлерін қарапайым халық біліп жүрсін деген мақсатта осылай жасап отырмыз”, – деп айтты ІІД өкілі.
Богер Александр, Ходжамбердиев Батур, Елкей Азамат/ Фото: Алматы ІІД
Полицейлердің айтуынша, осыдан екі жыл бұрын да ұрылардың тізімі қоғамдық көліктер мен адам көп шоғырланатын жерлерде көптеп ілінген. Бұл шара өз нәтижесін беріп, ұрылардың саны азайған болатын.
Тұхметов Елдар, Завялов Данил , Байғабылов Рауан / Фото: Алматы ІІД
Құдайбергенов Сакен, Алибаев Нуржигит, Козбағаров Данияр/ Фото: Алматы ІІД