Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Өскемендік отбасы ресейлік бағдарламадан 300 мың теңге ұтып алды

112

Осылайша қазақстандық жанұя 60 мың рубль ұтып алған деп хабарлайды “Хабар 24”.

Бағдарламаға Өскеменнен хабарласқан жанұя “Ақын Роберт Рождественскийдің пікірінше, қандай жағдайда ғажайыптар – ғажайып, күйініш – күйініш, серт – серт, ұрыс – ұрыс болмайды?” ,- деген сұрақ қойған.

Бұл сұраққа бағдарлама білгірлері “үйде жалғыз болған жағдайда мүмкін болмайды. Себебі, жалғыз адам бұл сезімдерді ешкіммен бөлісе алмайды”, -деп жауап беріпті.

Алайда өскемендіктер бұл нұсқаның қате екенін жеткізіп, “күнделікті ғажайыптар ғажайып емес, күндегі күйініш күйініш емес, күндегі серт серт емес, күндегі ұрыс ұрыс емес. Күнделікті нәрсе болғандықтан оларға назар да салмайсың, мән де бермейсің”,- деген жауаптың дұрыс екенін айтқан.

Осылайша, ойын қорытындысы бойынша көрермендер 6:5 есебімен жеңіске жетіп, жерлесіміз 60 мың рубль (333 274 теңге) ұтып алған.

Бұл туралы “Қазцинк” кәсіпорнының баспасөз қызметі хабарлапты. Олардың айтуынша, жеңімпаз отбасының отағасы Вадим Кушнарев аталмыш кәсіпорында қызмет ететін көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз