Қостанайда тұратын 54 жастағы Қазақстан азаматы қосымша Германия Федеративтік Республикасының да азаматтығын тіркетіп алған.
Оның бұл заңсыздығын биыл 26-тамызда Қостанай қаласындағы халықаралық әуежайда шекара қызметі мен көші-қон полициясының қызметкерлері анықтады.
Бұл туралы Қостанай қаласындағы ішкі істер бөлімінің баспасөз қызметі мәлім етті деп хабарлады “Алау“.
Осылайша ол ҚР Әкімшілік кодексінің 496-бабының 2-тармағына сәйкес, заңбұзушылық жасады.
Қостанай қаласының мамандандырылған соты ол азаматқа әкімшілік жаза тағайындап, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 424 200 теңге айыппұл салды.