Орал қаласында бес жасар бала мен ер адам септикке батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қайғылы оқиға кеше қалаға қарасты Деркөл ауылы маңындағы саяжай қоғамында орын алды. Септикке әуелі бала түсіп кеткен.
Ер адам оны құтқарамын деп ұмтылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 14.25-те шақыртылған. 2013 жылғы бала мен шамамен отыз жастардағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.