Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Оңтүстікте бір топ тұрғын полицейлерден таяқ жеп қалды

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Тәртіп сақшыларынан құқай көрдік деген Әкімовтер әулеті амалсыздан осындай қадамға барғанын айтады. Ал оқиға 8 ақпанда Қараспан ауылында болған. Олардың айтуынша, жол бойындағы дәмханада самса пісіріп тұрған екі азаматты көші-қон полициясының қос қызметкері ештеңе түсіндірместен, қолдан ұстап сүйрей жөнелген. Ал араша түспек болған әйелдер таяқ жеп қалыпты.

“Миграциядан келдік деді. Құжаттарыңызды көрсет деп едім, жоқ боп шықты. Мына жерге итеріп құлатып жіберді.  Қатты құлап, ес-түсімді білмей қалдым”,-

деді Қараспан ауылының тұрғыны Ләписа Әкімова.

Ләписа Әкімова арқасы мен басынан жарақат алып, ес-түссіз қалса да, аудандағы дәрігерлердің қабылдаудан бас тартқанын жеткізді. Бұл аздай, шағын кәсібін дөңгелетіп отырған әулетке жергілікті билік сендерді кене шағуы мүмкін деп ретсіз тиісіп, тіпті дәмхананы жаппақ болыпты. Ал бауырлары Асхат Тоқсынов пен Тұрсын Махмұтов полицейлерге қол көтердің деген айыппен  қамауға алынған.

Жәбір көрдік деп келгендер полиция бөлімінің басшысын әңгімеге шақырды. Бірақ қауырт тірліктен босай алмады ма, әйтеуір, ол шулаған жұрттың алдына шықпады.  Осы дауға байланысты облыстық ішкі істер департаментіндегілерд өз пікірлерін айтыпты.  Шенділердің сөзінше, әлгі жерде өзбек азаматтары болған. Бірақ полиция заң бұзушыларды ұстай алмай қалыпты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз