Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Өлмейсің деді…”. Мақпал Жүнісова өзінің неліктен тұрмысқа шықпағаны жайлы айтып берді

https://kaz.365info.kz/yjime-erkek-kirgizbejmin-bireu-khylmyndasa-shakh-etkizemin-makhpal-zhynisova-251581

Қайта тұрмысқа шығу туралы сұраққа жауап берген Мақпал Жүнісова өзіне өзге ерлердің тамсана қарап, ғашықтық сөздер айтатынын жасырмады. Алайда…

«Анам маған тұрмысқа шығуыма рұқсат бермейді. «Мен 47 жасымда жесір қалсам да, өлгенім жоқ. Сен де өлмейсің!» – дейді анам. Мен ешқашан анама қарсы шықпаймын. Сонымен қатар қызым да: «Анашым, бізге ешкімнің керегі жоқ», – дейді», – деп ағынан жарылды халық әртісі.

 

https://kaz.365info.kz/endi-magan-zhakhyndap-korsin-ashuly-makhpal-zhynisova-madinany-nege-zhylkhyganyn-ajtty-292314

Жүнісованың айтуынша, күйеуі Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғаннан кейін, 5 жыл бойы марқұмды қатты сағынып, күн сайын түсінде көрген.

«Мұнан кейін қайғымды жасыруға тырысып, өзге ерлерге қарай бастадым. Алайда жақындарым қарсы болса, демек, болмайды. Сондықтан жиі тойға барып, көп жұмыс істеуге тырыстым. Мұның бәрі басыма түрлі жаман ойлар келмес үшін», – дейді әнші.

Сонымен қатар Мақпал Жүнісова тұрмыстағы құрбыларымен араласуды да  доғарған. Себебі, әлдекімге ғашық болып қалып, біреуді отбасынан ажыратып алмауды ойладым, дейді ол.

«Мен тез ғашық болатын адаммын. Маған жан-дүниесі бай, ақылды, дарынды, нағыз ерлер ұнайды.

Алайда бұл дегеніміз менің міндетті түрде қандай да бір ер адаммен қарым-қатынаста болуым керектігін білдірмейді. Тек, мен ғашық болған кезде, мұндай сезім маған өмір сүруге көмектеседі. Мен – шығарымашылық адамымын», – дейді Мақпал Жүнісова.

 

https://kaz.365info.kz/sheshendi-ajsaule-bakhytbek-zhigitinin-anasy-turaly-algash-ne-ojlaganyn-ajtty-328761

 

Дерек көз:Stan.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз