Бразилия полициясы Рио-де-Жанейродағы 2016 жылғы Олимпиада кезінде теракт жасауды жоспарлаған 10 адамды ұстады.
The Sun ағылшын басылымына сілтеме жасап, vesti.kz хабарлайды.
Құрықталған бір топ адамның ДАИШ-пен байланысы болуы мүмкін. Олар Бразилияның Парана штатында құрықталды.
5 және 21 тамызда Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиада кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік қызметтің 85 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылмақ.