Бразилиялық футболшы, Испанияның «Барселонасында» доп тебетін атақты Неймардың 20 жастағы қарындасы бар екен. Ағасы футболдың құдайы болса, Рафаэлла Сантос әлеуметтік желілердің жарқын жұлдызы. Оның Instagram-парақшасына 2,4 миллион адам жазылған.
Ия, бразилиялықтар қазақтарға несімен ұқсайды? Бразилияның дәстүрі бойынша, ол елде ешкім ешқашан уақытында келмейді. Олар да қонақтарды сағат беске шақырса, 7-8-ге таман күтеді. Бұл әдет тек қонақтарға қатысты емес, Бразилияда тіпті сериалдар мен жаңалықтар да 15 минутқа кешігіп басталады екен.