Жанар Дұғалованың директоры Нұржауан Табылдиева әншінің тұрмысқа шығатыны туралы тарап жатқан қауескетке қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Айта кетейік, мұның алдында әлеуметтік желілерде жарияланған видеода Жанар Дұғалова “тұрмысқа жақында шығатынын” айтып қалады. Журналистің “Сүйіктіңіз өнер адамы ма?” деген сұрағына ол “Ол жағын айта алмаймын, Тәуекел Мүсілім емес” деп әзілдейді.
https://kaz.365info.kz/khuanyp-tyrmyn-otandykh-anshi-ozinin-tyrmyskha-shygatynyn-zhariya-etti-video-315813
Артынша Желі қолданушылары оған бақыт тілеп, болашақ жары жайлы болжам жасай бастады. Ал әншінің директорына сенсек, Дұғалова жақын уақытта тұрмысқа шықпайды.
“Жанар бұл сөзді кейінгі уақытта, болашақта деген оймен айтқан. Журналистер де дұрыс түсінбей қалған. Бір жағынан Жанар әзілдеген. Қазіргі уақытта ол жаңа әніне бейнабаянын түсіріп жатыр”, – деп пікір білдірді әншінің директоры.
https://kaz.365info.kz/khol-ystasyp-tauekel-mysilim-men-zhanar-dygalova-tagy-ystalyp-khaldy-video-300310
Ал мұның алдында басылымдарға берген сұхбатында Жанар Дұғалова көңіл білдіретін жігіттердің бар екенін және олардың тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайтынын айтқан еді. Алайда, әнші олардың бойынан болашақ жарын таппағанын мәлімдеген.
https://kaz.365info.kz/zhas-zhigit-tauyp-apty-ajgyl-ozi-turaly-alyp-khashpa-sozge-khatysty-pikir-bildirdi-video-315939