Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Ол әзіл еді”. Мұхтар Шаханов Мұқағали Мақатаевқа қатысты әңгіменің неден шыққанын айтты

 

https://kaz.365info.kz/khatty-ketkenim-ras-myhtar-shahanov-keshirim-syrady-310226

 

“Мұқағалидың көзі тірісінде жас ақындарды жинап алып, өлеңдерін талқылап жатқан едік. Мұхаң кіріп келді де, олардың әрқайсысынан 1 сомнан ақша жинап беруін талап етті. Бәріміз жинап бердік.

Соңында 2 сом жетпейді екен. Оны мен қостым да айттым: Мұқа, сізді ел Мұқағали ақын деп құрметтейді.

Бірақ бүгін жас ақындардың көзінше жұқалық көрсеткеніңіз үшін бұдан былай сізді Жұқағали Бұқатаев деп атаймын деп әзілдедім.

Бұны ақынның өзіне айттым. Ол әзіл ретінде қабылдады”, – дейді Шаханов.

 

 

https://kaz.365info.kz/mynynyz-ne-mykhagali-makhataevtyn-kelini-shahanovkha-khatty-renzhidi-video-309157

Шаханов Мұқағалидың биік ақын болып қала беретінін айта келе, оның жерлестерінің жомарттығына, дархандығына таңғалғанын жасырмады.

“Қайбір жылы Мұқағалидың мерейтойына байланысты туған жеріне кездесуге бардық. Әр өңірден 700-дей адам жиналыпты. Қонақүйде 30-40 шақты ғана орын бар екен. Сонда ауыл тұрғындары сол 700 адамды бөліп, үйді-үйіне қонақ етті.

Мұқағали ақын үшін зор құрмет көрсетті. Біз де бір үйге түстік. Ол үйдің жалғыз қойы бар екен. Соны сойып берді. Барлық ауыл адамдар қонақтарды осылай күткен.

Қанша елді, жерді аралап жүріп дәл Мұқағалидың ауылындай дархан ауылды, жомарт жандарды көрген емеспін. Кейін осы ойымды өлеңге арқау еттім”, – дейді Шаханов.

 

 

https://kaz.365info.kz/tiri-bolsa-myhtar-shahanov-pojyz-astyna-tysip-mert-bolgan-syjiktisin-eske-aldy-video-310846

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз