Белгілі әнші шоу-бизнесте ақшасы барлар ғана жүретінін жайып салды.
https://kaz.365info.kz/zhauap-beremin-kenzhebek-zhanabilov-koptin-kokejindegi-kydikti-sejiltetinin-ajtty-306441
Әнші қазіргі қастардың шоу-бизнес саласында пайда тапсам, байысам деген мақсатпен ғана жүргенін айтты.
«Өткенде Шымкенттен бір жігіттер келді. «Мен продюсермін, мына бала әнші, осыны көтеру керек. Оған мынанша ақша құямын, сосын оны қайтарып аламын, тойда айтатын ән жазып беріңіз!» дейді.
Көрдіңіз бе, қазір мына шоу-бизнеске ақшасы барлар келді. Ақша жүрген жерде өнер екінші орынға кетіп қалады. Бұл жерде үлкендерге өкпелеудің қажеті жоқ! Оларды тыңдасаң, ешқашан қор болмайсың!
Шымкентте қаншама продюсерлік орталықтар, әншілер бар, бірақ олардың ешбірінде ұлттың иісі шығып тұратын рух жоқ! Халық олардың жылтыраған бетіне қарап шапалақ соғып, шығарып салады», – деді Алтаев.
https://kaz.365info.kz/ogan-zhanym-ashidy-ajman-nyrzahan-byryngy-kyjeuine-khatysty-shyndykhty-ajtty-306775
Сондай-ақ ол жастарды өз концертіне жиі шақыратынын айтты.
«Осы жастардың көкірегінен итеріп, сахнадан қуған үлкендерді көрмедім. Өзімде де ондай ой жоқ, мысалы мен концерт берген кезде атақтыларды емес, жастарды шақырамын.
Қайрат Нұртастың өзі ең бірінші 16 жасында Республика сарайында мен концерт берген кезде үлкен сахнаға шыққан.
Біз дәстүр мен дінімізден ажырап қалғасын, буын арасындағы байланыс үзілді. Жастар өздерінше жол тапқысы келіп басын тау-тасқа ұрды. Сахнаның атына кір келтірген – өнерге үш қайнасы сорпасы қосылмайтын жастардың келуі», -дейді әнші.
Айта кетейік, Өктем Алтаев бірнеше жаңа ән жаздырып, жақын уақытта еліміздің қалаларында ән кешін өткізбекші.