Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Ойнап жүріп миллиардер болды». Ставка тігіп, қатты байыған адам

940

Британияда 18 жасқа толмағандардың ставка тігуіне тыйым салынған. Бірақ кішкентай Блум бәле еді. 15 жасында жылдық оқу құны 23 мың фунт тұратын элиталық колледжден қашып, букмекерлік кеңсеге кіріп баратын. Қалтасында 18-ге толған деген жалған құжат.

Блум ойнауын қоймаған. Манчестер университетінде оқып жүргенде де, Ernst&Young компаниясында жұмыс істеп жүргенінде де бәс тігуін қоймады.

23 жасында қымбат кеңседе қақиып отырудан шаршады. Ірі компанияға қолын бір сілтеп, жұмыстан шығып кетті. Осылайша ол кәсіпқой беттерге (бәс тігуші) айналды. Кейде бір ставкадан 5 мың фунт ұтылатын (1994 жылғы Англия мен Вест-Индия арасындағы крикет матчы), бірақ көбінесе ұтып, букмекерлік кеңсенің талай ақшасын сыпырып алатын. Уақыт өте ұтыстарының сомасы өсе берді.

«Мен аяусыз, агрессиялық беттингті таңдадым. Үлкен ақша ұту үшін үлкен тәуекелге бару керек», деген өзі.

Қайта-қайта тоқтамай ұта берген соң Victor Chandler букмекерлік кеңсесі шыдамай кетті, олар Тониді жұмысқа шақырды. Ұта беретін адамның болғаны қай букмекерге ұнайды, сол үшін олар талантты бәс тіккішті өздері сатып алды.


https://kaz.365info.kz/zhakhsy-boldy-khylagymnyn-zhartysy-zhokh-telefonmen-sojlesu-onaj-251393
1990-шы жылдары Британия билігі букмекерлік кеңселерге үлкен салық енгізді. Victor Chandler Гибралтарға барып, қайта тіркелді – содан кейін оффшордағы рахат өмір басталды. Тони де басшылықпен бірге Гибралтарға көшті, бірақ оны бірден Тайландқа жөнелтті. Ақшаны одан да көбірек табу үшін Victor Chandler енді Азиядағы адамдардан да ставка қабылдауға кіріскен еді.

Блум Тайландтан құр қайтпады, ол жақтан Батыс әлемі үшін таңсық ілім – азиялық гандикап деген бәс түрін ала келген. Еуропадағы басқа кеңселер мұның не екенін әлі ұқпай отырғанда, Блумның компаниясы соның арқасында миллиондап ақша тауып жатты. Блумды гандикап жағына жауап беретін бастық қылып қойдыол математикалық модельдерді есептеп, кеңседен апталап шықпайтын. Соның негізінде Victor Chandler одан сайын байлыққа кенеле берді.

1998 жылдың 11-ші шілдесінде, әлем чемпионатының финалынан бір күн бұрын Блум компанияның бас қожайыны – Виктор Чендлердің кабинетіне баса-көктеп кіріп келді. Букмекерлер қателесіп, француздарға сенбей отыр, бар ақшаны Les Bleus-ке тігу керек, деп айқайға басты. Чендлер де ақымақ емес, сұрапыл сарапшының сөзіне сеніп, Азиядағы букмекерлік кеңселерге бірнеше миллион фунт тігіп тастады. Бір тәуліктен кейін бақыттан басы айналып, темекісін тұтату үшін ақша өртейтін әдет тапты.

Айтпақшы, BetVictor компаниясы әлі де әлемдегі ең мықты кеңселердің бірі, бірақ Блум одан әлдеқашан кетіп қалған. Чендлерді қашанғы байыта беремін деген ол өз кеңсесін ашқан еді. Premier Bet ставканы онлайн қабылдайтын ең алғашқы кеңселердің бірі болды. Оны үш жылдан кейін 1,2 миллион фунтқа сатты. Тони мұнымен тоқтамады. Жаңа тренд – покердің иісін ертерек сезген ол онлайн ойынға арналған екі сайт жасатып, 2006 жылы екеуін де 204 миллионға сатып жіберді. Өзі де сұмдық покер ойнағыш болып алды.

2009-шы жылы өлгенше байыған Тони бала кезден өзіне сүйікті, туған футбол командасы «Брайтонды» сатып алды. Баяғыдан ілініп-салынып, ең төменгі лигаларда әрең жүрген клубтың 18 миллион фунт қарызын қайтарып, клуб акциясының 75 пайызына иелік етті. Жаңа стадион салу үшін тағы 93 миллион жұмсады. Ақшасы далаға кетпепті, биылғы маусымда «Брайтон» соңғы 34 жылдан бері тұңғыш рет елдегі ең жоғары топ, ағылшын премьер-лигасына шығуы тиіс. Әзірге «Брайтон» Чемпионшипте екінші келеді, бірақ ойын деңгейі жағынан бірінші орында!

Қазір Блумның қанша ақшасы бар екенін ешкім нақты білмейді, біреулер 50 миллион дейді, бірлеулер миллиард дейді. Ол құрылыспен де айналысады деседі. Бірақ оның басты табысы әлі сол – ставка тігу!

Ол – тарихтағы ең жолы болғыш беттер, деп жазады The Wall Street Journal.

Енді оның «Брайтоны» премьер-лигаға шықса екен, деп тілейік.

eurosport.ru
https://kaz.365info.kz/aza-boldy-mineki-resejlikter-aza-standy-maza-etti-205327

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз