Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Оңтүстік Қазақстанда тойға асығып, жол апатынан қаза тапты деген жас жұптың бірі тірі екен

Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Ташкент тас жолында болған.

“Mercedes-Benz маркалы автомобиль Шымкенттен Қазығұрт ауылына бара жатқан, Қаратас ауылына қарама-қарсы жолда көлік тоқтап тұрған “ГАЗель” көлігіне барып соғылған. Салдарынан 1993 және 1997 жылғы екі қыз бен 1993 жылғы жігіт қаза тапты, ал 1991 жылғы жүргізуші ауруханаға бара жатқан жолда жан тапсырған. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес, яғни “Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы” бойынша сот алды тергеу ісі басталды”, – деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Mercedes-Benz жүргізушісі сол күні үйленуі тиіс болыпты. Кейбір БАҚ-та жарияланған ақпаратта көліктегі екі қыздың бірі өз тойына асыққан бозбаланың қалыңдығы деп келтірілді. Алайда марқұм болған қыздар көлікті тізгіндеген жігіттің қарындастары болып шықты.

Ал қайтыс болған бозбаланың қалыңдығы басқа көлікте келе жатыпты, ол аман-есен деп хабарлайды „Отырар„ телеарнасы.

Еске сала кетелік, 19-қыркүйекте шамамен 18:00 уақытында Алматы — Ташкент — Термез тас жолының Төле би ауданы аумағында «Форд-Транзит» пен «Тойота-Виндом» көліктері соқтығысып, салдарынан «Форд-Транзит» көлігінің жүргізушісі, ондағы үш адам қайтыс болды. Ал «Тойота» көлігіндегі 16 зардап шегуші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген, оның бірі – 3 жасар бүлдіршін қыз есін жимастан мерт болды.

Жалпы, күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан тас жолдағы бұл – үшінші жол көлік апаты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз